Абай және оның заманы
Абай ілімі – әдебиеттану ғылымының арнаулы салаларының бірі. Абай әлемі – мәңгілік мұра, қымбат қазыналар қатарына жататындықтан, ғасырдан астам уақыт бойы сөз етіліп, әр алуан бағытта зерттеулер жүйесіне айналып келеді. М.Әуезов туған халқының әдебиеті мен ауыз әдебиетінің, Ұлы Абайдың көркемдік әлемінің кәусар бұлағынан сусындап, солардың игі дәстүрін өз бойына сіңіру, оларды байытып, дамыту үстіндегі бүкіл әлемдік көркем ойдың асыл қорына баға жетпес үлес қосты.
Жазушы ұлы Абаймен рухани жақындығы қазақ әдебиетінің биік шыңға көтерілуіне игілікті әсерін тигізді. Абай арқылы қазақ елі тарихының эпопеясын сомдады. Ал Абайдың өмірі мен әдеби мұрасына, М.Әуезов оған ерте кезден-ақ зер салған. 1918 жылы ол «Абай»,...