Жаңадан ашылды, бірақ… Сайран көлінің бүгінгі сиқы қандай?
Жаңадан ашылды, бірақ… Сайран көлінің бүгінгі сиқы қандай?
Алматылықтар үшін жазғы демалыстың ең қолайлы орындарының бірі — Сайран көлі. Қала тұрғындары мен жолаушылар осы маңайда серуендеп, шомылып, күншуақтап демалады. Жақында ғана қайта жөнделіп, үлкен қаражат бөлініп, халыққа ашық түрде ұсынылған бұл орын бүгінгі күні тазалық мәселесімен назар аудартуда.Көлдің ашылғанына бір жыл да толмаған. Бірақ жағалауға барған адам алдымен табиғаттың сұлулығына емес, шашылған қоқысқа көбірек көз салады. Пластик бөтелкелер, тағам қалдықтары, темекі тұқылдары — мұның бәрі қала ортасындағы көл жағасын қоқыс алаңына айналдырып барады.Сайран — Алматыдағы ең танымал су қоймаларының бірі. Қаланың ортасында орналасқан, жанында метро, автобекет, жол-көлік қатынасы өте ыңғайлы....