Саналы ұрпақ – жемқорлықсыз болашақ
Саналы ұрпақ – жемқорлықсыз болашақ
Біз болашаққа үмітпен қараймыз. Әрбір жаңа күннен жақсылық күтеміз. Әрбір мектеп қабырғасындағы бала ертең еліміздің тірегі болатынына сенеміз. Бірақ сол болашаққа жетелейтін жолдың бойында бір үлкен кедергі тұр – ол жемқорлық.Жемқорлық – тек пара беру емес. Ол – әділдіктің жойылуы, еңбектің еленбеуі, арманның аяқасты болуы. Бұл індеттен қоғамның әрбір саласы зардап шегеді: білімде – біліксіз маман, медицинада – науқастың өмірін емес, ақшаны ойлайтын дәрігер, саясатта – халық емес, қалтасын ойлайтын басшы пайда болады.2023 жылы елімізде 1 600-ден астам жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркелген. Мемлекетке келген залал миллиардтаған теңгені құрап отыр. Бұл – балабақша салуға, жастардың оқуына,...