Алаш өсиеті — азаттықтың айқын жолы
«Алаш» дегенде — ұлт тағдыры, азаттық рухы, еркін ел болуға ұмтылған қазақ зиялыларының қайсар мұраты ойға оралады. Алаштың өсиеті — бір ғана тарихи кезеңнің емес, тұтас ұлттың болашаққа жол сілтер темірқазығы.
XX ғасырдың басы — қазақ елі үшін ояну мен серпілу дәуірі болды. Осы кезеңде тарих сахнасына Алаш зиялылары — Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы бастаған біртуар азаматтар шықты. Олар қазақ халқының тәуелсіз ел болуына ұмтылды, білім мен ғылымды басты құндылық деп білді. Алаш идеясы — тек саяси күрес емес, рухани жаңғырудың, ұлттық сананың оянуының бастамасы еді.
Алаштың аманаты не еді?
Алаш қайраткерлері елге үш басты мұра қалдырды:
Тәуелсіздік,...