Астанада Тұран даңғылындағы көлік қозғалысы жартылай жабылады
Осыған байланысты, 9-12 шілде аралығында осы учаскедегі қозғалыс ішінара кезең-кезеңмен жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бірінші әуежайдан қалаға қарай, кейін қаладан әуежайға қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылады.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!