Екібастұзда той кортежі жазаланды
Бұл автокортеж үйлену тойға арналған. Көліктер колоннамен қозғалып, қозғалысты тежеп, жолдағы қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған.
Тексеру нәтижесінде полиция қызметкерлері ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша 15 әкімшілік хаттама толтырды. Ереже бұзушылықтар мыналарға қатысты болды:
маневр жасау тәртібін сақтамау;жолаушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы (жүріс кезінде терезеден денені шығару);қарсы жолаққа шығу;қауіпсіздік белдігін тақпау;қайта жолақ ауыстырғанда бұрылыс шамын қоспау;сақтандыру полисінің болмауы.
Mercedes-Benz, Lexus 570 (brr 14), Toyota Prado және Toyota Camry көліктерінің жүргізушілері анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!