Астанада 24 жастағы ер адам Министрліктер үйін өртемек болды
Әлеуметтік желілерде өрт қою әрекетінен кейінгі жағдайдың видеосы пайда болды. Шабуыл жасаған адам кіреберістегі турникетке жанғыш қоспаны лақтырған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)
Астана Полиция департаменті мәліметінше, 24 жастағы ер адам ұсталды.
"Өрт ТЖД қызметкерлері тарапынан жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
ТЖМ мәліметі бойынша, Министрліктер үйінің бір кіреберісінде таңғы уақытта автоматты өрт дабылы іске қосылған. Оқиға орнына елордалық ТЖД-ның күштері мен құралдары жедел жеткен.
"Беймәлім ер адам ғимаратқа кіріп, турникетке жанғыш қоспа лақтырған, соның салдарынан шамамен 2 шаршы метр аумақта өрт шыққан. Өрт толық сөндірілді", – делінген хабарламада.
Ғимарат ішіндегі бөлмелер тексеріліп, түтін жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі мен мән-жайы нақтыланып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!