Қазақстанның туризм саласының болашағы бар ма?
Қазіргі жаһандану дәуірінде туризм – экономиканы дамытатын қуатты құралдардың бірі. Әлемнің дамыған елдері туризмді табыс көзіне айналдырып отыр. Қазақстан – табиғаты бай, тарихы терең ел. Сондықтан "Қазақстанда туризм саласының болашағы бар ма?" деген сұраққа мен келісемін, яғни бұл саланың болашағы бар деп есептеймін.
Ең алдымен, Қазақстан – кең байтақ, табиғаты алуан түрлі ел. Мәселен, Бурабай мен Көлсай көлдері, Шарын шатқалы мен Алакөл, Баянауыл мен Балқаш, Каспий теңізі жағалауы – бұлар отандық және шетелдік туристер үшін керемет орындар. Сондай-ақ, тарихи жерлер: Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тараз, Отырар, Сауран секілді көне қалалар да мәдени туризм үшін маңызды.
Қазіргі таңда Қазақстан Үкіметі...