Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Азаттық сыртқы істер министрлігін аккредитация үшін сотқа берді

Азат Еуропа / Азаттық радиосы медиакорпорациясы Қазақстандағы 7 тілшісіне аккредитация беруден бас тартқаны үшін Қазақстанның сыртқы істер министрлігін сотқа берді. Азаттықтың заңгерлер тобы Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 11 шілдеде тиісті арыз түсірді. Әкімшілік арызда Азаттық сыртқы істер министрлігінің өз тілшілеріне аккредитация беруден бас тарту туралы ұйғарымын заңсыз деп тануды сұрайды.

2025 жылғы 14 маусымда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі "Масс-медиа туралы" заңның 30-бабының 4-бөлігін бұзғаны үшін" Азаттықтың 6 тілшісі мен Азат Еуропа / Азаттық радиосы медиакорпорациясы Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісіне аккредитация беруден бас тартатынын айтып, хат жолдаған.

Азаттық министрліктің бұл ұйғарымы аккредитация процедурасын және халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Конституциясын бұзу деп санайды.

"Шетелдік ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистеріне аккредитация беру ережелерін бекіту туралы" сыртқы істер министрлігінің бұйрығына сәйкес тілшілер аккредитация мерзімі бітуіне екі ай қалғанға дейін министрлікке қайта құжат өткізіп, аккредитацияны ұзартуға өтініш беруі керек. Азаттық биыл 13 және 14 ақпанда 6 журналисі мен өкілдік басшысының аккредитациясы аяқталуға екі айдан көп уақыт қалғанда министрліктің ресми поштасына тиісті өтінішті жіберген. Ережеге сәйкес министрлік екі ай мерзім ішінде журналиске аккредитация беретінін не бермейтінін айтып, хат жолдауы тиіс. Бірақ Азаттық бұл мерзім ішінде мұндай хат алған жоқ.

Ереже бойынша өтінішті қарау мерзімін ұзарту талап етілетін жағдайда министрліктің басшысы не оның орынбасары қарау мерзімін ұзарту себебін түсіндіріп хат жолдауы керек. Өтінішті қарау мерзімін ақылға қонымды уақытқа (екі айдан кем емес кезеңге) созуға болады.

ТӨРТ АЙ ҚАРАУ16 сәуірде министрлік Азаттық тілшілерінің аккредитациясы бойынша шешім шығаруға қажет мән-жайды тексеру көбірек уақыт алатынын хабарлады, бірақ ол шешімін негіздеген жоқ және тілшілерге қатысты қосымша құжат сұратпады. Бірақ министрлік басшысынан не оның орынбасарынан бұрыннан істеп жүрген журналистердің құжатын тексеруге неге көп уақыт қажет екендігін түсіндірген хат болмады. Сондықтан Азаттық министрлік журналистер аккредитация беру туралы өтінішті қарау мерзімін негізсіз ұзартты деп санайды.

Өтінішті қарау мерзімін төрт айға созу арқылы министрлік Азаттықтың құқықтары мен еркіндігін шектеді және қалыптасқан жағдайды тілшілерге аккредитация беруден бас тарту туралы шешім шығаруға пайдаланды деп санайды.

Қазақстанның "Масс-медиа туралы заңының" 30-бабының 4-тармағына сәйкес шетелдік ақпарат құралының тиісті аккредитациясы жоқ тілшісінің және шетелдік журналистің кәсіби журналистік қызмет атқаруына тыйым салынады. Биылғы 14 маусымдағы хатында министрлік Азаттық тілшілері заңның осы бабын бұзды деп ұйғарып, оларға аккредитация беруден бас тартты.

Азаттықтың бұл тілшілері – Қазақстанның азаматтары, олар Қазақстан заңдарына сәйкес Азат Еуропа / Азаттық радиосы медиакорпорациясымен арадағы еңбек келісімшарты негізінде жұмыс істейді. Азаттық министрліктің бұл шешімін құқықтық тұрғыда қате деп санайды.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 2016 жылғы 25 қазанда шетелдік ақпарат құралын тіркеу жөнінде куәлік алған, Қазақстанда заңды түрде жұмыс істейді. Оның тілшілеріне – Қазақстан азаматтарына аккредитация беруден бас тарту олардың сөз және пікір білдіру бостандығын шектейді.

Сотта заңгерлер тобы – "Медиа қолдау", "Құқықтық медиаорталық" және Tokayeva&Partners адвокат кеңсесі Азаттықтың мүддесін қорғайды.

ЕКІ ЖЫЛДАҒЫ ЕКІНШІ СОТБұл СІМ-ге қарсы бірінші сот емес. 2024 жылғы қаңтарда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Азат Еуропа / Азаттық радиосының 36 журналисіне аккредитация беруден бас тартқан. Азаттықтың кей тілшілері аккредитациясын 2022 жылдың аяғынан бері ұзарта алмай келген.

Былтыр 30 қаңтарда Азат Еуропа/ Азаттық радиосы бұл шешімге наразылық білдіріп, сотқа жүгінген. 30 сәуірде Азат Еуропа / Азаттық радиосы (АЕ/АР) мен Қазақстан сыртқы істер министрлігі тілшілердің аккредитациясы мәселесі бойынша келісімге келген. Бұдан соң Азаттық тілшілеріне 6 айға аккредитация берілген еді.

2024 жылғы 20 желтоқсанда шетелдік ақпарат құралдарының өкілдіктері мен журналистерін аккредиттеу ережесі өзгерді. Жаңа ережеге сәйкес, енді шетел ақпарат құралдары өкілдіктері аккредитациясы бұрынғыдай мерзімсіз емес, бес жылға беріледі. Шетелдік БАҚ тілшісінің ұрақты аккредитация мерзімі екі жылдан бір жылға дейін қысқарған. Ал уақытша аккредитация үш айға беріледі. "Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists, CPJ) сыртқы істер министрлігінінің аккредиттеу тәртібіне алаңдаушылық білдірген.

"Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымының дәстүрлі еркін сөз рейтингінде Қазақстан 180 елдің арасында 141-орында. Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева халықаралық ұйымдардың бағалау әдістері әртүрлі болатынын, елде еркін баспасөздің дамуына жағдай жасалғанын айтады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России