210 мың талапкер ҰБТ тапсырды
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі ұсынылған. Осылайша, 210 мың талапкер ҰБТ-ны 381 мың рет тапсырды.
Тестілеу қорытындысы бойынша 161 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 76%-ын құрайды. Бес пән бойынша ҰБТ-ның орташа балы 69 балды құрады. Ең жоғары 140 балды ҰБТ-ны өткізудің бірінші аптасында Түркістан облысының түлегі Әбілхан Жәнібек жинады. 598 адам 130 балдан жоғары нәтижеге...