Президент 29 шілде күні Түркияға ресми сапармен барады
29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады.
— Анкарада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды.
Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді, — деп жазды Ақорданың ресми сайты.
Айта кетейік, кеше Президент ұшақ апатына байланысты Путинге көңіл айтты.
Сообщение Президент 29 шілде күні Түркияға ресми сапармен барады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.