Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотталғандардың бірі түрмеден босап шықты

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотталғандардың бірі түрмеден босап шықты. Бұл жөнінде сотта жәбірленуші жақты қорғаған адвокат Мейірман Шекеев хабарлады. Оның сөзінше, сотталушылардың бірі Думан Ысқақ бірінші инстанцияда шыққан үкімге сәйкес, өз жазасын өтеп қойғандықтан 23 шілде күнгі сот қаулысымен қамаудан босаған.
Бірінші инстанциядағы үкім бойынша кәмелетке толмаған Думан Ысқақ «ауыр қылмысты хабарламағаны үшін» 1,5 жылға сотталған еді.

Шекеевтің сөзінше, Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша апелляциялық сот 18 шілде сағат 11-де Алматы облыстық сотында өтеді.
5 маусымда Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полаттың қазасына байланысты сот аяқталған. Сот "Адам өлтіру", "Адам өлтіруге оқталу", "Бұзақылық" баптары бойынша айыпталған Абзал Шынасылды 23 жыл түрмеге кесті. "Адам өлтіруге оқталу" және "Бұзақылық" бабымен айыпталған Равиль Сакиев 20 жылға сотталды. Азамат Тоқтаубаев – 15 жылға, Нұрқияс Ілиясов – 9 жылға, Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Дидар Қалиахмет, Нұрбол Тоқтаубаев 7 жылға түрмеге кесілді. Бұларға "Бұзақылық" бабымен айып тағылған. Кәмелетке толмаған Думан Ысқақ "қылмысты хабарламады" деп бір жарым жылға сотталған. Сотталушылардың басым бөлігі апелляциялық шағым түсірді.Былтыр күзде Талғардағы 16 жасар Шерзат Полаттың өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырған. Шерзаттың қазасынан кейін марқұмның отбасының үйі өртеніп, полиция ауданда күзетті күшейткен. Оған дейін Шерзаттың туыстары әкімдік алдына жиналып, тергеуді ашық әрі әділ жүргізуді талап еткен. Әлі күнге дейін орган тарабынан үйді кім өртегені айтылған жоқ.Шерзат қаза тапқан оқиға кезінде оның қасында болған, пышақтан жарақат алған немере ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев былтыр қараша айында Полаттың отбасы тұратын Азат ауылының сырт жағында өлі табылды. Полиция "ол өзіне қол жұмсаған" деп хабарлады. Туыстары бұған күмән келтіреді. Бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатқаны хабарланды.Талғардағы оқиғадан кейін жергілікті бірнеше шенеунік қызметінен босатылды. Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бақыров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов "қадағалау жұмысындағы елеулі олқылықтары үшін" қызметтен алынды. Талғар қаласының әкімі Бақыт Күнішбеков пен оның орынбасары Сағындық Матан да "қызмет міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін" лауазымынан босатылды. Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев та қызметінен алынды.Әлеуметтік желіде Шерзаттың өліміне "Талғардағы қылмысқа жүгенсіз кеткен "Хутор" бандасының қатысы бар" деген ақпарат тараған. Алайда полиция мұндай топ барын жоққа шығарған еді. Аудан тұрғыны Хасан Қасымбаев әлеуметтік желіде өзі жайлы тараған әлгі ақпаратты жоққа шығарып, жұрттан өзі туралы жалған хабар таратпауды сұрап мәлімдеме жасаған. Қарашада Қасымбаев 2021 жылы маусым айындағы оқиғаға байланысты "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" және "Адам ұрлау" баптары бойынша күдікке ілініп, тергеу сотының шешімімен екі айға қамауға алынды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России