Көзілдірік
Көзілдірік
Гүлмекен алты жаста. Биыл мектепке бармақшы. Анасы оны медициналық тексеруден өтуі үшін, көз дәрігеріне алып келді. Дәрігер оларды жылы қарсы алды. Гүлмекенді орындыққа отырғызды. Сосын алыстан түрлі суреттерді көрсетіп, сұрақ қоя бастады.
Дәрігер қолындағы таяқшамен ұшақты нұсқап: - «Мынау не?» - деді. Суретке тесіле қараған кішкене қыз: - «Қарға!» - деп жауап берді. Басын шайқаған дәрігер, жоғары қатардағы үлкендеу саңырауқұлақты көрсетті:
- Мынау ше?
- Қолшатыр.
Дәрігер одан да үлкен жеңіл көлікті нұсқап:
- Ал мынау не? -...