Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Алматыдағы мораторий: Қай жерлерде құрылыс жүргізуге тыйым салынды?

Алматы қаласының әкімдігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін қаланың жоғарғы бөлігінде құрылысқа қандай шектеулер енгізілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
3 тамыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесіп, қаланың жоғарғы бөлігінде көпқабатты тұрғын үй кешендері мен нүктелік құрылысқа мораторий енгізуді тапсырды. Бірыңғай жоспарға сәйкес әлеуметтік инфрақұрылым мен туристік кластер нысандары ғана құрылысқа рұқсат етілген нысандар ретінде ерекшеленді.
Әкімдік не деп жауап берді?
Tengrinews.kz сауалына жауап ретінде Алматы қаласының қала құрылысы және урбанистика басқармасы "қаланың жоғарғы бөлігі" деген ұғымға түсініктеме берді.
Шектеу келесі шекаралардан оңтүстікте орналасқан аумақтарға қатысты:
Талғар тас жолы,Шығыс айналма автожолы,Әл-Фараби даңғылы,Саин және Жандосов көшелері.
Басқарма өкілдері қаланың жоғарғы бөлігіндегі қарқынды құрылыс бірқатар жүйелі мәселелерге әкеліп соғып отырғанын айтты. Оның бірі – әлеуметтік инфрақұрылымның жетіспеушілігі. Бұл аудандарда білім беру мен медицина мекемелері тапшы.

"Сонымен қатар, қаланың жоғарғы бөлігінде орталықтандырылған су және кәріз жүйелері жоқ, ал бар желілер бірнеше монополистің бақылауында, олар шамадан тыс жүктемеге ие әрі қажетті қуаттылықты қамтамасыз ете алмайды. Көше-жол желісі көлік ағынын көтере алмай жатыр, ал арық жүйесінің болмауы нөсер жауын кезінде су басуға алып келеді", – делінген жауапта.

Сондай-ақ, бұл аудандарда топырақтың құрамына да қауіп бар екені көрсетілген:
Тау бөктеріндегі көптеген аймақтар сазды, ылғалданғанда жылжуға бейім жерлерде орналасқан. Заңсыз құрылыс, жасыл желектерді кесу және рұқсатсыз септиктерді қолдану топырақтың сырғуына және бұзылуға себеп болады.
Бұған қоса, таулы аймақта бұрын облыс аумағынан қалаға берілген, ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмеген 1 500 жер телімі (2 000 гектардан астам) орналасқан.

"Жер кодексіне сәйкес, қалалық аумақта ауыл шаруашылығы жерлерін орналастыруға тыйым салынады. Яғни, бұл жерлерге көпқабатты тұрғын үй салу инженерлік коммуникациялар мен әлеуметтік және көлік инфрақұрылымына қосымша жүктеме түсіреді", – деп түсіндірді мамандар.

Не өзгермейді?
Қала құрылысы және урбанистика басқармасының басшысы Алмас Жанбыршының айтуынша, мораторий қазіргі уақытта салынып жатқан нысандарға қатысты емес.

"Бүгінгі таңда қалада еңі 15 градустан асатын беткейлерде құрылысқа тыйым салынған, жоғарғы бөлікте биіктігі 3 қабаттан аспау керек, сондай-ақ беткейлерді кесуге болмайды. Алайда құрылыс компаниялары заңмен нақты реттелмеген таунхаус сияқты көппәтерлі үйлерді салып жатыр. Мораторий аясында мұндай тұрғын үй құрылысына жобалық құжаттар берілмейді. Бұл шектеу қазіргі салынып жатқан нысандарға әсер етпейді. Сонымен қатар, басқарма 2040 жылға дейінгі Бас жоспарға түзетулер енгізбек – бұл жасыл аймақтарды кеңейту мен тау бөктерін теңгерімді дамытуға бағытталады. Нақты нәтижелері туралы кейінірек хабарланады", – деді Жанбыршы.

Айта кетейік, Алматының элиталық тау бөктеріндегі аудандары жылдар бойы ауызсу тапшылығынан зардап шегіп келеді. Мұндай шағынаудандар қатарына Ерменсай, Аскартау және Ақтөбе кіреді. Осы ауданның бір коттедж қалашығында бір жылдан бері мүлде су жоқ.
Шілде айында №1 балалар үйінің Баганашыл тау бөктеріндегі ауданға көшірілуі қоғамдық резонанс тудырған болатын. Белсенділер бұл элиталық жер теліміне құрылыс салушылар көз тікті деп мәлімдеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России