Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Әлиев пен Пашинян Ақ үйде ұзақ жылдық соғысты аяқтауды көздейтін бейбіт келісімге қол қойды

Армения мен Әзербайжан АҚШ-тың араағайындық етуімен ұзақ жылдық соғысты аяқтауды көздейтін бейбіт келісімге қол қойды. Құжатқа қол қою рәсімі АҚШ президенті Дональд Трамп ұйымдастырған Ақ үйдегі салтанатты шарада өтті.

"Олар 35 жыл соғысты. Енді дос" деді кездесуден кейін Трамп.

Трамптың екі жағынан орын алған Армения премьер-министрі Никол Пашинян және Әзербайжан басшысы Илхам Әлиев 8 тамызда АҚШ-пен экономикалық мүмкіндіктерді бірігіп дамыту туралы келісімге де қол қойды.

Трамп оларды ондаған жыл бойғы жанжалдардан кейін тұрақты бейбітшілікті жақтап, келісімге қол жеткізген тұлғалар ретінде тарихқа енетін "өте ақылды басшылар" деп атады.

"Армения мен Әзербайжан барлық соғыс қимылдарын түбегейлі тоқтатып, сауда, саяхат және дипломатиялық қарым-қатынасты жандандыруға, бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге міндеттелді" деді Трамп.

Бұған дейін Reuters бейбіт келісім ұзақ жылдық соғыстан кейінгі екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтуды, энергетика, технология, инфрақұрылым және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында Америкамен келісімге қол қоюды, сонымен бірге 1992 жылы жанжалды реттеу мақсатында құрылған Минск тобын (Франция, Ресей, АҚШ бірігіп жетекшілік етеді) таратуды қарастыратынын жазған.

Экономикалық келісім 1990 жылдан бері жабық болған Оңтүстік Кавказдағы стратегиялық транспорт дәлізінің жұмысын қалпына келтіруге жол ашуы мүмкін. Мәселе Армения аумағы арқылы өтетін Әзербайжан мен Нахчеван экславы арасындағы көлік дәлізі туралы болып отыр. Құжат темір жол, мұнай-газ құбырлары, талшықтық оптика сымдарын орнатуды қарастырады. Бұл тек тауар емес, адамдарды да тасымалдауға жол ашады. Пашинянның ұсынысымен көлік дәлізі "Халықаралық бейбітшілік және гүлденуге арналған Трамп жолы" (Trump Route for International Peace and Prosperity, немесе TRIPP) деп аталады.

"Біз текетірес пен қайшылық, қантөгіс беттерін жабамыз. Балаларымызды жарқын әрі қауіпсіз болашақпен қамтамасыз етеміз. Мен өте қуаныштымын, себебі бүгін жаңа ұлы тарихты жазып жатырмыз" деді Әлиев қол қою рәсімі кезінде.

"Бүгін біз армян-әзербайжан қарым-қатынасындағы маңызды кезеңге қол жеткізіп, бұрынғы тарихымыздан жақсырақ тарих жазудың іргетасын қаладық" деді Пашинян.

ЖАУАПСЫЗ СҰРАҚТАР

Лондонда шоғырланған Chatham House сараптама орталығының ғылыми қызметкері Лоуренс Броерс келісімді "ірі қадам" деп атамас бұрын көбірек ақпарат керектігін айтты.

"Жалпы алғанда бізде жауапсыз сұрақтар көп" деді сарапшы Азат Еуропа/Азаттыққа жіберген жазбаша жауабында.

"Әуелі айқындап алатын жайт бар: бейбіт келісімге қол қойылған жоқ, тек осыған дейін орындалып қойған келісімге қол қою міндеті ғана бар" деді ол.

Оның сөзінше, Минск тобын таратудан да бөлек күрделі шарттар бар.

"Біз әзірге мақсатқа жеткен жоқпыз, әрине қарқынды арттыру және бейбітшіліктен айнымақтастықты жаңғырту әрине, құптарлық жайт" деді ол.

ЕҚЫҰ бейбітшілікке ұмтылыс жолын жылы қабылдап, Армения мен Әзербайжанды бейбітшілік орнату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға шақырды.

Халықаралық дағдарыс орталығының Оңтүстік Кавказ бойынша кеңесшісі Конуль де Мур Ақ үйдегі оқиғаны бейбітшіліктің басы ретінде қарастыруға болады, бірақ айқын емес тұстары бар деді.

"Алдағы күндері бізде осы [көлік] дәлізі немесе жол жөнінде көбірек ақпарат болады. Әзербайжан талап етіп отырған сол дәліз бе? Ережелері қандай болмақ? Шекара қалай ашылмақ? Бұл мәселелер шешілген бе?" деді ол.

Оның сөзінше, келісімге кедергі келтіріп отырған жайттардың бірі Әзербайжанның Армения Конституциясына өзгеріс енгізу туралы талабы. Қолда бар ақпаратқа қарағанда, мұндай өзгерістер 2027 жылға дейі қабылдануы мүмкін.

"Бұл талап та бейбітшілік келісіміне жолда кедергілердің бірі болайын деп тұр" деді ол.

Таулы Қарабақ ресми түрде Әзербайжан аумағы саналады, бірақ бұл аймақта армяндар басым болған. Әзербайжан мен Армения Таулы Қарабақ аймағы үшін 1988 жылдан бері қақтығысып келеді. 1988-94 жылдары арасындағы соғыста 30 мыңдай адам қаза болды. 1994 жылы екі ел қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойған. Кейін Таулы Қарабақ армяндардың бақылауында болды. Таулы Қарабақ аймағы 1991 жылы тәуелсіздік жариялаған. Бірақ бұл тәуелсіздік халықаралық деңгейде мойындалмады. Аймақтың тәуелсіздігін Арменияның өзі де мойындаған жоқ.2020 жылы қыркүйекте Әзербайжан мен Армения Таулы Қарабақта қайта қақтығысты. Бұл қақтығыстан соң Әзербайжан Таулы Қарабақтағы Степанакерттен басқа барлық аймақты, сонымен қатар Мардакерт және Мартуни қалаларын өзіне қайтарып алған. Ал Таулы Қарабаққа Мәскеу бітімгер әскерін кіргізген.2023 жылы күзде Әзербайжан әскери операция жасап, мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының үкіметін капитуляцияға мәжбүрлеп көндірген. Қуғын-сүргін болуы мүмкін деп сескенген армяндар жаппай үйлерін тастап, Арменияға кеткен. БҰҰ мәліметіне қарағанда, 120 мың армяннан бірер аптаның ішінде мыңнан астам ғана адам қалған. Ереван халықтың жаппай қоныс аударғанын қысым деп атаған. Ал Әзербайжан билігі армяндарды қала беруге, Әзербайжан қоғамымен араласуға шақырған.Сол жылы қыркүйекте мойындалмаған республиканың құрылымдары өз-өзін тарататынын жариялады. Қазан ортасында президент Ильхам Әлиев Ханкенді (Степанакерт - мойындалмаған Таулы Қарабақтың бұрынғы астанасы) қаласында Әзербайжан туын көтеріп, осылайша Баку Қарабақты толық қайтарып алғанын білдірген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России