Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

HRW: Қазақстан билігі заңсыздықты айтқан құқық қорғаушыны жазалаудың орнына заңсыздықпен күресуі керек

Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстанда "Ар.Рух.Хақ" қоғамдық қорының президенті, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның қуғындалауын сынап, Қазақстан билігін заңсыздық туралы айтқан адамды емес, заңсыздықтың өзімен күресуге үндеді.

20 тамыз күнгі ұйымның мәлімдемесінде кейінгі екі айда Бақытжан Төреғожинаның түрмедегі белсенді Марат Жыланбавтың денсаулығына алаңдап, тұрақты түрде жазба жариялағаны, 25 шілдеде Жыланбаевтың "жүре алмай қалғанын, салмағы 45 келі болып қалғанын жазып" дабыл қаққанын атап өткен. Ұйымның айтуынша, билік Жыланбаевтың денсаулығын тексеріп, оны тиісті медициналық көмекпен қамтамасыз етіп, түрменің ауыр жағдайы туралы өтініштері қарастырылып жатқанына көз жеткізудің орнына құқық қорғаушының өзіне шүйліккен.

Алматы соты Бақытжан Төреғожинаны "жалған ақпарат тарату" бабымен әкімшілік жазаға тартып, 78 мың теңге айыппұл салды. Шешіммен келіспеген Төреғожина шешімді апелляцияға берген.

Өткен жексенбіде Қазақстанда марафоншы Марат Жыланбаевтың туған күніне орай марафон өтеді деген күні елде белсенділер ұсталып, Алматыда құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина да ұсталғаны, 405-бап бойынша қылмыстық істе куәгер атанғаны белгілі болды. Құқық қорғаушының өзі мұны "адам құқығы қызметі үшін" билік өзін қудалап отыр деп санайды.

"Қазақстандағы танымал құқық қорғаушыны бейбіт белсенділігі үшін қудалау – бұл қорқыту және бопсалау екені анық" деп жазды ұйымның Орталық Азия бойынша зерттеушісі Мира Ритман 20 тамыз күнгі мәлімдемесінде.

"Төреғожинаны адам құқығы қызметі үшін жазалаудың орнына Қазақстан билігі оның жазбаларын сол күйінде қабылдауы керек еді: Қазақстандағы адам құқығын бұзу фактісі және оны шешумен үкіметтің өзі айналысуы қажет" деп жазылған хабарламада.

Ұйым мәлімдемеде БҰҰ-ның заңсыз ұстау бойынша жұмыс тобы 2025 жылы сәуірде Қазақстанды Жыланбаевты ұстау кезінде көптеген заңсыздықтар болды деп танып, Қазақстан билігін оны дереу босатуға шақырғанын еске салады.

Қазақстан билігі әзірге HRW мәлімдемесіне реакция білдірген жоқ.

25 жылдан астам уақыт бойы елдегі саяси қудалаулар, адам құқығын бұзу жайттары туралы айтып жүрген құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина 2023 жылы АҚШ мемлекеттік хатшысының "Батыл әйел" халықаралық сыйлығын иеленген. Төреғожина бастаған "Ар.Рух.Хақ" қоғамдық қоры Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан, із-түссіз жоғалған, азапталған азаматтардың аты-жөнін анықтап, биліктен жариялықты талап етіп келеді.Кейінгі кезде түрмедегі оппозиция белсендісі Марат Жыланбаевтың денсаулығына қатысты қарама-қайшы ақпараттар жарияланып жатыр. Құқық қорғаушылар түрмеде "ұзақмерзімдік аштық жариялады" деген Марат Жыланбаевтың денсаулығына қатысты дабыл қағып, оған медициналық көмек көрсетуді және оған тәуелсіз құқық қорғаушыларды, журналистерді кіргізуді талап еткен, азаматтық белсенділер оны босатуды талап еткен. Ал қылмыстық-атқару жүйесі департаменті оның "денсаулығы мүшкіл" деген ақпаратты жоққа шығарған. Жыланбаевқа кіріп шыққан Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің жанындағы үйлестіру кеңесінің хатшысы Раиса Шер оның суреттерін жариялап, "оның халі жақсы, денсаулығына қатысты еш шағымы жоқ. Бұған қоса ол тұрақты түрде спортпен шұғылданады, соның ішінде өзі ұнататын спорт түрі – жүгірумен де айналысады, кітапханаға барып, кітап оқиды" деген. Ал адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев белсендінің денсаулығы күрт нашарлады деген сөздерді "хайп" деп атаған.Кейбір қолданушылар қырынан және арқасынан түсірілген Жыланбаевтың суреттерінен оның жағдайын бағалау мүмкін емес екенін айтып, Жыланбаевтың видеосын жариялауды және оған тәуелсіз құқық қорғаушыларды кіргізуді талап еткен. ҚАЖК бұл талапқа реакция білдірген жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России