Балалардың мінез-құлқындағы көңіл бөлу қажет өзгерістер: ата-аналарға үндеу
Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарды балалар ойындарына ерекше назар аударуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, кейінгі кезде халықаралық және отандық БАҚ-та бөтен адамдар ойыншы ретінде балалармен танысып, сеніміне кіріп, оларды жабық чаттарға шақырып, заңға қайшы әрекеттерге итермелейтіні жөнінде алаңдатарлық ақпарат жарияланып жатыр.
Балаларға интернетте не істеуге болмайды?
жеке мәліметтерді (аты-жөні, мекенжай, телефон, отбасы жайлы мәлімет) бөлісуге;Instagram, Telegram, TikTok, ВКонтакте секілді желілердегі қауіпті топтар мен аноним чаттарға кіруге;ата-анасы тексермеген күмәнді онлайн ойындарды ойнауға.
Ата-аналар баланың іс-әрекетін қалай бақылай алады?
бақылау қосымшаларын пайдаланыңыз (Family Link Android үшін, Screen Time iOS үшін);баланың әлеуметтік желілердегі достарының тізімін бақылаңыз;аты-жөні жоқ, түсініксіз белгілермен, иероглифтермен немесе күмәнді суреттермен жасалған парақшаларға назар аударыңыз.
Көңіл бөлу қажет белгілер:
бала дұрыс ұйықтамайды, түнде жиі оянады;денесінде түсініксіз жарақаттар пайда болады;тұйықталып, ашушаң болып, сөйлесуден қашады;агрессивті видеоларды жиі көреді;қорқынышты суреттер салып, оның мәнін түсіндірмейді.