Қазақстанда ресми түрде қанша шетелдік жұмыс істейді?
1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 130 шетел азаматы жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 899 жұмыс беруші бар. Оларда 348 мыңнан аса Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл - қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.
Шетелдіктер мына салаларда жұмыс істейді:
құрылыс саласында - 4 949 адам,ауыл, орман және балық шаруашылығы - 2 930 адам,тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу - 1 369 адам,өңдеу өнеркәсібі - 1 210 адам.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:
Қытай - 5 120 адам,Өзбекстан - 2 478 адам,
Түркия - 1 042 адам,Үндістан - 1 031 адам.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!