Тоқаев Мәми мен Дауылбаевты марапаттады
Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін наградталсын:"Отан" орденімен
Мәми Қайрат Әбдразақұлы – ардагер-құқықтанушы, Алматы қаласы;
І дәрежелі "Барыс" орденімен
Дауылбаев Асхат Қайзоллаұлы – ардагер-құқықтанушы, Астана қаласыРогов Игорь Иванович – ардагер-құқықтанушы, Астана қаласы;
ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен
Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы – Конституциялық Соттың төрағасыБәйішев Жолымбет Нұрахметұлы – "Тұран" университеті" мекемесінің профессоры, Алматы қаласыЖиенбаев Ержан Нұрланұлы – Президент көмекшісі
Малиновский Виктор Александрович – "Нархоз университеті" КеАҚ конституциялық экономика орталығының директоры, Алматы қаласыМерғалиев Асламбек Амангелдіұлы – Жоғары Соттың төрағасыПетров Константин Викторович – Орталық сайлау комиссиясы төрағасының экс-орынбасары, Ақтөбе қаласы;
"Парасат" орденімен
Алауханов Есберген Оразұлы – құқықтанушы, Астана қаласыБаймолдина Зәуреш Хамитқызы – "Нархоз университеті" КеАҚ Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер институтының Астана орталығының басшысыБалтабаев Қуаныш Жетпісұлы – "Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ профессоры, Астана қаласыКим Георгий Владимирович – "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК профессорыҚоғамов Марат Шекішұлы – "M. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti" АҚ профессоры, Астана қаласыШапақ Унзила – Парламент Мәжілісінің депутаты;
"Құрмет" орденімен
Ақпанов Арыстан Нөкешұлы – "Астана" халықаралық университеті" ЖШС профессорыӘбдірасылов Ермек Баяхметұлы – "Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ профессоры, Астана қаласыӘубәкірова Индира Оралқызы – Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" РМК директорыЖолдасбеков Нұржан Өтепбайұлы – Жоғарғы Соттың судьясыНұрмұханов Бақыт Маратұлы – Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарыСәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы – Әділет министрі
Төкиев Аслан Сұлтанұлы – Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасыЫдрышева Сара Қимадиқызы – "M. Narıkbaev atyndaģy KAZGUU Unıversıteti" АҚ профессоры, Астана қаласы;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен
Жанұзақова Ләйлә Телманқызы – "Тұран" университеті" мекемесінің профессоры, Алматы қаласыҚайырбек Әлібек Амангелдіұлы – Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театры" КМҚК музыкантыҚанатов Алмас Қанатұлы – "Парламентаризм институты" РМК материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының атқарушы директорыМатаева Майгүл Хафизқызы – "Alikhan Bokeikhan University" БМ проректоры, Семей қаласыСкрябин Сергей Васильевич – Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" РМК бас ғылыми қызметкері.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!