Қазақстанда сұранысқа ие 7 мемлекеттік қызмет онлайнға көшіріледі
Жыл аяғына дейін қазақстандықтар арасында сұранысқа ие 7 мемлекеттік қызмет толықтай онлайн-форматқа көшіріледі. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, жақын арада үш қызметті цифрландыру жоспарланып отыр:
автосалондардан сатып алынған автокөліктерді бастапқы тіркеу;азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу;жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын рәсімдеу.
2025 жылдың аяғына дейін бұларға тағы төрт қызмет қосылады:
жылжымайтын мүлікті тіркеу;шетелдіктерге ЖСН алу;еңбек мигранттарына рұқсат беру;кадастрлық паспорттарды беру.
Вице-министрдің айтуынша, аталған қызметтердің толықтай онлайн-форматқа көшірілуі және қағазбастылықтан бас тарту ХҚКО-ларға түсетін жүктемені екі есеге жуық қысқартуға мүмкіндік береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!