Жетінші көк сөз (Пайда)
Бала кезімде анам жатарда түрлі ертегі оқымаса да, көп әңгіме айтып беретін, соғыс, өмір, ауыл, салт-дәстүр мен түрлі үстел ойындарын ойнауды үйрететін. Бір әңгімесі есімнен әлі кеткен жоқ:
Қасқыр қойды азық қылса адамдар қасқырды жаман дейді. Түлкі тауықты ұрласа адамдар түлкіні қу дейді. Тышқан астықты кемірсе оңбаған дейді. Адамдар араның балын алғанда оларды еңбекқор, қарапайым дейді. Төрт-түліктен бар жақсылықты алғанда керемет деп асыра мақтап, бағып-қағады, мақал-мәтеліне қосады. Жылан өзінде у бар екенін білмейді. Адамдар өзінде қате бар екенін білмейді, Құлыным! Сондықтан да өмірде жақсы мен жаман жоқ! Кімге кім пайдалы сол жақсы! Өмір де досың жоқ! Әр ісің де сақ...