Добавить новость
World News



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Олжас Бектенов Президент атынан жұмысшы мамандықтары өкілдеріне марапат табыстады

Премьер-министр Еңбек күніне арналған «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» республикалық форумына қатысты. Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан ел экономикасының нығаюына және дамуына үлес қосқан жұмысшы мамандықтары өкілдеріне мемлекеттік наградаларды табыстады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Форумға қатысушыларға арнап сөйлеген сөзінде Премьер-министр Президенттің Ұлттық құрылтайда белгілеп берген «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты бүгінде Қазақстан қоғамының дамуындағы басты бағытына айналғанын атап өтті.

Қазақстанда Еңбек күні он жылдан астам уақыттан бері аталып келеді. Биылғы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында бұл мерекенің маңызы артып, қоғам дамуының негізі саналатын адал еңбекке құрметтің белгісіне айналды. Қазір елде шамамен 2,5 млн маман еңбек етеді. Олардың қатарында шахтерлер, металлургтер, педагогтар, энергетиктер, медицина қызметкерлері, құрылысшылар, агрономдар, технологтар және басқа да сала өкілдері бар.Үкімет жұмысшы мамандықтары иелеріне әрдайым жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Еңбек жағдайлары жақсартыла отырып, ондағы процестер автоматтандырылуда. Техникалық білім беру жүйесі реформаланып, кәсіби стандарттар жаңартылуда. Ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс нығайып келеді.

Жұмысшы мамандықтарына арнап жайлы жағдай жасау бағытындағы маңызды қадамның бірі – Президент бастамасымен Отбасы банкінде арнайы «Наурыз жұмыскер» бағдарламасының іске қосылғаны болды. Бүгінде бұл бағдарлама арқылы 2 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Сонымен қатар цифрлық технологияларды дамыту – ерекше назарда.

— Мемлекет басшысы Қазақстанның болашағын инновациялық даму жолында көреді. Ол халыққа Жолдауында ауқымды цифрландыруды және жасанды интеллектіні белсенді енгізуді басымдық ретінде айқындады. Алдыңғы қатарға жаңа технологиялар шығады. Бұл – экономикалық өсімге және азаматтардың өмір сапасын одан әрі жақсартуға кең мүмкіндік. Инновациялық шешімдер өнеркәсіпке, көлік саласына, медицинаға, білім беруге және басқа да көптеген салаларға енгізіліп жатыр. Барлық жасалып жатқан шара қуатты Цифрлық Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет жүргізіп отырған цифрлық прогреске қол жеткізу жұмыстары аясында кадрларды даярлау және кәсіби-техникалық білім беруді дамыту басты назарда болып отыр. Биыл 9-сынып түлектерінің 100%-ы геология, машина жасау, энергетика, көлік, IT және басқа да сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін білім алумен қамтылды. Соңғы екі жылда студенттердің шәкіртақысы екі есе өсті. Колледждерде материалдық-техникалық база жаңартылды, студенттердің жатақханамен қамтылуы шамамен 90%-ға жетті.

Үкімет азаматтарға жаңа дағдыларды игеруге және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға барлық жағдайды жасауға мүдделі. Елдің барлық өңірінде білім беру мекемелері мен өндіріс орындары арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Колледждерді қамқорлыққа алған кәсіпорындардың саны 8 есе артты, бизнеспен жасалатын дуалды келісімшарттар саны 2 есе көбейді.

Іс-шара барысында Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Жилбер Фоссун Хунгбо форум қатысушыларына бейнеүндеу жолдады. Ол әлеуметтік диалогты қамтамасыз етуде және еңбек нарығының инклюзивті әрі тұрақты дамуына жәрдемдесуде шешуші рөл атқаратын жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілді ұйымдарының маңыздылығын атап өтті.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда әлеуметтік серіктестер осы диалогты дамытып, әрі қарайғы қадамдарды анықтап, бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыруда. Сондай-ақ «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы президиумының төрағасы Жұмабек Жанықұлов сөз сөйледі.

Форум аясында ұйымдастырылған көрмеде Премьер-министр қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындарының өндіріс процесіне озық технологияларды енгізу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарымен танысты. «QARMET», «Қазақмыс», «Қазцинк» және ERG компаниялары жоғары технологиялық салаларға арналған металлургиялық өнім шығару, өндірістерде мониторинг жүйесін енгізу, байыту фабрикаларының цифрлық үлгілерін жасау және тағы да басқа жобаларын таныстырды.

Бизнестің бастамалары өндіріс үдерістерін «ақылды» басқаруға және барынша тиімділікке қол жеткізуге, сондай-ақ колледждерді қолдау арқылы кәсіби кадрларды даярлауға, онда заманауи оқу кабинеттері мен шеберханаларды ашуға бағытталған.

Форум қорытындысы бойынша жұмысшы мамандықтары өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды.

Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Оның негізгі мақсаты – еңбек адамын бағалау. Бұл туралы ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері Ақмарал Ауғанова айтты.

– Еңбегімізді бағалап, марапаттап жатқан Президентімізге алғысымды білдіремін. Мен 43 жыл жұмыс істеп, құрметті еңбек демалысына шықтым. 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады ғой. Осының негізінде қосымша мамандықтар пайда болады деп ойлаймын. Менің ойымша бұл жастар үшін үлкен мүмкіндік. Еліміз дамып, өркендеп, жастарымыз биік белестерді бағындыра берсін, — деді ол.

Айта кетейік,  Астанада Еңбек күніне орайластырылған «Жұмысшы мамандықтар жылында оқудан еңбекке тиімді көшу үшін серіктестер диалогы — 2025» атты халықаралық конференция басталды.

Үш күн бойы қазақстандық және халықаралық сарапшылар жастардың еңбек нарығына шығуына көмектесетін озық тәжірибелерді, саяси тәсілдерді және инновациялық шешімдерді талқылайды. Әсіресе еуропалық ESCO моделіне негізделген Цифрлық құзыреттер банкін енгізуге де баса көңіл бөлініп отыр яғни Еуропада маман қалай даярланса, Қазақстанда да сол стандарттар сақталады.

 

 

Сообщение Олжас Бектенов Президент атынан жұмысшы мамандықтары өкілдеріне марапат табыстады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России