Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Жасанды интеллектіні дамыту – ел болашағының кепілі

Бүгінгі таңда жер бетіндегі әрбір мемлекет үшін озық тәжірибедегі жасанды интеллектіні дамыту – бәсекеге қабілеттіктің негізгі факторы болып отыр. Барлық дамыған мемлекеттер цифрлық технологияларды дамытып, экономиканың барлық салаларына енгізу арқылы өздерінің ішкі және сыртқы жалпы өнімін арттыру үстінде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы кезеңге дейінгі Жолдауларында еліміздің жасампаздығы мен жаһандық бәсекелестіктегі ролі, заманауи дамудың кешенді іргетасын қалау кеңінен талқыланып, жан-жақты қолдау тауып келеді. Сонымен қатар күні кеше Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуына қатысты нақты мәселелерді жүйелеуімен және алдағы уақыттарды атқарылатын істерімізді жүзеге асыру жолдарын егжей-тегжейлі көрсетіп беруімен құнды болды.
Жаһандану процессі терең қарқын алып, бәсекелестік артқан тұста, Қазақстан Республикасы үшін де цифрлық Жасанды интеллектіні заманауи талаптарға сай дамыту – жарқын болашақтың кепілі саналады. Қазіргі кездегі заманауи талаптар адам капиталын дамытуға міндеттер жүктейді. Яғни, бұл жерде біздер білім беру саласының жаңа технологияларын жай ғана енгізумен емес, сайып келгенде қоғамның, экономиканың және мемлекеттік басқарудың түбегейлі проблемаларын өзгерте алатындай білікті маман дайындау ісіне де жауапкершілікпен қарауымызды талап етеді. Болашақта білімді болудың алғышарты жасанды интеллектімен жұмыс жүргізе алу құзіреттілігімен байланысты екенін уақыт көрсетіп отыр. Осы ретте бұл проблемалардың шешімі мектеп қабырғасынан басталуы керектігі көрсетілді.
Қазіргі кезеңде алдымызда тұрған басты бағыттар – отандық экономиканы әртараптандыру, мұнайға тәуелді болмау және түгелдей инновациялық салаларды дамыту.
Жолдаудағы негізгі көрсеткіш заманауи тәжірибелерге сүйеніп, қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігін жақсартумен шектелмей, айқын мақсатқа жұмылдырылған болашағын меңзейді. Атап айтқанда, индустрияны цифрландыру, инвестиция тарту, жаңа технологияларды, инновациялық жобаларды енгізу, жасанды интеллектіні дамыту маңызы айтпаса да түсінікті. Технология мен инновацияны жұрт игілігіне жарату – біздің елімізде ғана емес, дүние жүзі бойынша күн тәртібіндегі мәселе.
Кез келген елдің нәтижелі мақсаттарға жетуі келер ұрпаққа берілетін сапалы білімнің деңгейіне байланысты екенін ескерсек, осы Жолдауда білім және ғылым саласына байланысты мәселелер де назардан тыс қалмады. Инновациялық экожүйелерді сауатты пайдаға асыру және цифрлық сауаттылықты кезең-кезеңімен жетілдіру арқылы біз әлем сахнасында өзіміздің лайықты орнымызды нақтылай аламыз. Өз кезегінде мектептерде және орта кәсіптік білім бағдарламаларына жасанды интеллектіні енгізу – білім алушы мен білім берушінің сауаттылығын тиісті деңгейге көтеріп, ел игілігі үшін білімді мамандар дайындау ісі жандана түсетін еді.
Бұл процессті жаңалық деп қабылдамай, барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, оқу-тәрбие процесін түбегейлі өзгертетін стратегиялық басым бағыттарға айналдыруымыздың тиімді шешімі болуына ықпал етудің жолдарын қарастыруымыз қажет.
Алдағы уақыттарда өзге елдермен жаңа инновациялық іскерлік байланыстарды еліміздің ғылыми-технологиялық басымдықтарымен үйлестіру Қазақстанның болашақтағы әртарапты даму саясатына серпін беретіні анық. Өйткені осындай нақтылы айқындалған іс-әрекеттер мен үздік тәжірибелерді экономикамызға енгізу еліміздің жоғары оқу орындарындағы қолданбалы ғылымның әлеуетін арттыра түседі. Президент Жолдауындағы жасанды интеллектіні кеңінен қолданып, тәжірибеде жүзеге асыратын университеттерге көбірек дербестік беру мәселесі – еліміздің педагогтары мен ғалымдарын қуантатын жағдай. Оның үстіне ол өзінің оң нәтижесін беретіні даусыз.
Жолдауда 2027 жылдан бастап бірпалаталы парламентке көшу мәселесі де назардан тыс қалмаған. Бұл бастама – заң шығару процесін оңтайландырып, қатып қалған қасаң, таптаурын болған жүйеге тосқауыл болады деген ойдамыз.
Осы кезеңге дейінгі атқарылған барлық іс-әрекеттерге көз жүгіртсек, елдің экономикасы демократиялық негізде қарқынды дамыған сайын әлеуметтік теңсіздік мәселесі де шешімін тауып, халықтың тұрмысына да оңтайлы әсер етіп отырғанын аңғару қиын емес. Президент Жолдауындағы осы мәселе де тасада қалмай еліміздің әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған жаңа механизмдерді қолдануға басымдықтар берілген.
Биылғы Жолдау – келешекте түбегейлі цифрлық жүйе мен жасанды интеллектінің қолданылу кеңістігін қамтамасыз етіп, халықтың тұрмыс-тіршілігінің сапасын жақсартуға бастайтын сәтті қадам. Жолдауда межеленген маңызды стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға үлес қосу әрбір қазақстандықтың міндеті деп есептейміз.

 

Сообщение Жасанды интеллектіні дамыту – ел болашағының кепілі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России