Іскерлік журналистика — заман талабы
Іскерлік журналистика — бүгінгі күні елімізде үздіксіз дамып, нәтижелі еңбек көрсетіпкеле жатқан бағыттардың бірі. Мұның басты себебі — қоғамда «қаржылық сауаттылық» тақырыбының жиі көтерілуі. Қазіргі таңда бұл тақырыпқа жас та, ересек те айрықша қызығушылық танытады. Өйткені, ол — заманталабы. Ал бұл тұрғыда журналистика саласыбізге қандай бағыт көрсетеді? Осы және өзге де тақырып аясында Kursiv Media басылымының журналисі, Business News бөлімінің тілшісі Ақсәуле Әбітаймен әңгімелестік.
- Журналист ретінде, елімізде қаржы және бизнес тақырыптарын қазақ тілінде жазу қаншалықты оңай деп ойлайсыз, әлде, керісінше қиындық тудырады ма?
- Қандай тақырып болмасын, оны жеңіл не ауыр деп бөлуге болмайды. Әрқайсысының өзіне тән қиындығы бар. Дегенмен қаржы және бизнес саласына келгенде ерекше талаптар қойылады. Ең әуелі, қаржы...