Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай:ағартушылық идеялары мен ғылыми мұрасы
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай: ағартушылық идеялары мен ғылыми мұрасы
2025 жылы қазақтың ұлы перзенті, ағартушы, этнограф, тарихшы, саяхатшы және публицист Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толып отыр. XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Шоқан Уәлиханов қазақ халқының рухани мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның еңбектері тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азия мен Ресейде ғылым мен ағартушылықтың дамуына үлкен ықпал етті.
Шоқан Уәлиханов өз заманының ең озық ойлы, жаңашыл тұлғаларының бірі болды. Ол патшалық Ресейдің отарлық саясатын жақсы түсініп, қазақ халқының артта қалуының басты себебі надандық пен білімсіздік екенін атап көрсетті. Сондықтан оның еңбектеріндегі негізгі бағыт – ағартушылық...