Қазақстандағы ең танымал тасжол бағыты аталды
Жыл басынан бері қазақстандықтар ақылы жолдардан 54 миллионнан аса рет жүріп өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі."ҚазАвтоЖол" мәліметінше, ең танымал бағыт Алматы-Қонаев учаскесі болған. Одан 8,9 миллион рет көлік өткен.
Ең танымал ақылы тасжолдар
Алматы – Қонаев (8,9 миллион)Шымкент – Өзбекстан шекарасы (6,98 миллион)Шымкент – Тараз (4,93 миллион)Тараз – Қайнар (4,09 миллион)Шымкент – Қызылорда (3,6 миллион)Астана – Теміртау (3,4 миллион)Қонаев – Талдықорған (3 миллион)Астана – Щучинск (2,94 миллион)Щучинск – Көкшетау (2,53 миллион)Астана – Павлодар (1,94 миллион)Алматы – Қорғас (1,82 миллион)Қызылорда – Арал (1,34 миллион)Қостанай – Денисовка (1,33 миллион)Көкшетау – Петропавл (1,31 миллион)Тараз қаласының айналма жолы (1,31 миллион)Павлодар – Семей – Қалбатау (998 мың)Балқаш – Бурылбайтал (974 мың)Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор) (962 мың)Павлодар – РФ шекарасы (Омбы) (659 мың)Қостанай – РФ шекарасы (Троицк) (615 мың)Орал – РФ шекарасы (Самара) (609 мың)Шу – Бурылбайтал (492 мың)Орал – РФ шекарасы (Саратов) (435 мың)Қандыағаш – Мақат (385 мың)Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) (127 мың)Үшарал-Достық (29 мың).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!