Іскерлік журналистика - өркендеудің өзегі
«Іскерлік журналистика – бұл халықтың экономикалық сауаттылығын арттыруға, инвесторларға елдің ашықтығын көрсетуге, кәсіпкерлерді қолдауға және қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға ықпал ететін маңызды сала». Экономика мен қаржы тақырыптары бүгінгі күні қоғам назарында. Іскерлік журналистика осы бағытта халықтың сауатын арттырып, күрделі ақпаратты қарапайым тілмен жеткізуде маңызды рөл атқарады. Іскерлік журналистиканың басты мәселелерін «Атамекен Бизнес» арнасының журналисі, «Геосаясат» бағдарламасының жүргізушісі Алмагүл Алмазқызы баяндайды.
– Іскерлік журналистиканың негізгі көтеретін тақырыбы қандай?
– Іскерлік журналистиканың өзегі – экономика. Өйткені экономика – мемлекеттің дамуын айқындайтын басты сала. Бұл салада қаржы, валюта, салық жүйесі, кәсіпкерлік, инвестиция, халықаралық нарықтағы өзгерістер, инфляция мен жұмысбастылық деңгейі сынды мәселелер...