Гавайи мен Жетісуды жалғаған тағдыр: Алатау Аткинсон туралы білесің бе?
Бізге алыс жатқан Гавайи аралдарын көбінесе теңіз, күн мен жағажайлар елестетеді. Ал Жетісу - қазақтың кең байтақ даласы, асқар тауы мен тұнық бұлағы. Бірақ бұл екеуін бір-бірімен не байланыстыруы мүмкін? Бұл екі алыс мекеннің арасында бір ерекше тұлғаның есімі алтын көпір болып тұр. Оның есімі - Алатау Тамшыбұлақ Аткинсон.
Бұл оқиға 1848 жылы Томас Аткинсон мен Люси Аткинсондардың Жетісу жеріне, нақтырақ айтқанда, Жоңғар Алатауынын етегінде орналасқан Қапал ауылына келуінен басталады. Осы жерде олардың тұңғыш ұлы дүниеге келіп, ата-анасы оған қазақ даласына тән әрі ерекше есім береді - Алатау Тамшыбұлақ.
Алатау Аткинсон кейіннен отбасымен бірге Еуропаға, одан кейін Гавайиға қоныс аударады....