ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ НЕГІЗІ - САЛТ-ДӘСТҮР
«Ұлттық мәдениеттің негізі – салт-дәстүр»
Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрге ерекше қарап, әрбірін керек жерінде орындап, сақтап отырған. Салт-дәстүр тәрбиенің бастамасы десем де артық болмайды.Әр халық өзінің тілімен, дінімен, атауымен және де салт-дәстүрімен ерекшеленеді. Бүгінгі менің қозғайтын тақырыбым салт-дәстүр болмақ. Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрлерін заңда жазылған ережедей сақтаған. Әр қадамында жасалу керек ырым-жоралғыларын өз ретімен орындап отырған.
Салт-дәстүр ұлттық тәрбиенің ұлы тіні десем де болады. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев та өзінің жолдауында «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Жаңғыру атаулы тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс, керісінше дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра...