Музыканың адам өміріне әсері
Музыка – ежелден келе жатқан өнердің ерекше түрі. Алайда ол тек өнер ғана емес, адамның психологиясына және физиологиясына тікелей әсер ететін, ғылыми тұрғыдан дәлелденген құбылыс. Қазіргі таңда музыка тек көңіл көтеру үшін емес, сонымен қатар білім беру, медицина, өндіріс сияқты салаларда да қолданылады. Бұл оның адам өміріндегі маңызын айқын көрсетеді.
1. Музыканың емдік қасиеті
Ғалым Дон Кент “Музыканың адам ағзасына және ақыл-ойына әсері” атты еңбегінде музыканың адам денсаулығына оң ықпалы туралы көптеген қызықты деректер келтіреді. Платон мазасыздықты емдеу үшін музыканы қолдануды ұсынған, ал Аристотель оны тұрақсыз эмоционалды күйден арылудың құралы деп санаған.
2. Музыканың еңбек өнімділігіне әсері
АҚШ-тағы өндіріс орындарында...