Семей ядролық полигоны: табиғатқа түскен жара
1949–1989 жылдары қазақ даласында адамзат тарихындағы ең ауыр сынақтардың бірі – Семей ядролық сынақ алаңы жұмыс істеді. Бұл оқиға Қазақстан тарихында орны ерекше әрі ауыр із қалдырды. Сынақ аймағы бұрынғы Семей облысының, сондай-ақ Павлодар мен Қарағанды облыстарының біраз бөлігін қамтыды. Жалпы көлемі шамамен 18 миллион гектар жер болды.
Алғашқы жарылыс
1949 жылы 29 тамыз күні сағат 7:00-де халыққа ескертусіз қуаты 30 килотонна болатын алғашқы ядролық жарылыс жасалды. Радиоактивті қалдықтар мен шаң бұлттары жүздеген шақырымға таралып, көптеген елді мекенді қамтыды. Жарылыстан кейін жануарлардың (кесірткелер, кеміргіштер және т.б.) жаппай қырылғаны байқалды. 1953 жылдан бастап қана жарылыстар туралы жергілікті халыққа ескертіле бастады. Кей аймақ тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілгенімен, көп ұзамай қайта оралып...