Ербол Қарашөкеев өңірлік ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты
– Бүгінде облысымызда 87 этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді. 78 этномәдени бірлестік халықтар достығы мен келісімнің алтын діңгегіне айналды.Биыл Ассамблеяның 30 жылдығы мен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қатарымыз еріктілермен толығуда. Кәсіпорындарда Еңбеккерлер Ассамблеялары құрылып жатыр. Олар еңбек ұжымдарында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ретінде қызмет атқарып, ерікті бастамаларды жүзеге асыратын болады.Ал Қордай ауданында бой көтеретін жаңа Достық үйі этномәдени бірлестіктердің орталығы ғана емес, жастардың, зиялы қауымның және азаматтық қоғам өкілдерінің бас қосатын рухани алаңына айналмақ.Бұдан бөлек, келесі жылға жоспарланған «Достастық жәрмеңкесіне» дайындық аясында Тараз қаласындағы облыстық Достық үйін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.– Ассамблеяның жұмысы бұдан әрі де жаңа серпінмен жалғасып, ел ішіндегі татулық пен тұрақтылықты нығайтатын басты күш болып қала беретініне сенімдімін, – деді Ербол Қарашөкеев.
Сообщение Ербол Қарашөкеев өңірлік ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.