«Бірлік туы-ел рухын оятқан басылым»
Қазақ халқының үстін қара бұлт торлаған қиын кезеңде, сол түнекті жарып шыққан үміт сәулесіндей болған басылым – «Бірлік туы». Ел ішіндегі жағдайды ашық жеткізіп, халықтың ой-санасын оятқан бұл газет ауыл шаруашылығы, экономика мен саясат тақырыптарын да назардан тыс қалдырмаған. «Бірлік туының» басты ерекшелігі – елді ынтымаққа, бірлікке үндеп, сол ұғымды өз ұранына айналдыруында. Ондағы көптеген мақалалар халыққа үндеу түрінде жазылып, ашаршылық жылдары жұртты бірігуге шақырып, қоғамдағы ащы шындықты батыл түрде жариялаған.
«Бірлік туы» газеті жайлы толық ақпарат болмағанымен, газет туралы аздаған деректер беретін еңбектер бар. С. Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» романынада «Бірлік туы» туралы қысқа мәлімет беріледі. Онда: «Түркістан...