«Малайзияға 100% грантпен жол тартқан Қазақстандық қыз»
Шетелде білім алу – көптеген жастың ең үлкен армандарының бірі. Алайда оған жету үшін табандылық, еңбек және үлкен дайындық қажет. Алматы қаласы №126 мамандандырылған лицейінің түлегі Ақжан осы жолда бар күшін салып, Малайзия университетінің толық грантын жеңіп алды. Оның жетістігі – тек өзіне ғана емес, көптеген жас түлектерге үлгі.
Жастарға шабыт болсын деген мақсатта Ақжанмен сұхбаттасқан едік.
⸻
1) Алдымен айта кетсеңіз, шетелде оқуға түсу арманыңыз қашан басталды?
— Негізі менің аға-әпкелерім көп. Бәрі шетелде оқып, білім алып, қазір сол жақта жұмыс істеп жүр. Кішкентай кезімде соларға қызығып, “қандай күшті — ел көріп, жер көріп, әлемді аралап, сонымен...