Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Алматыда ЖИ көмегімен «ақылды қала» жүйесі дамытылып жатыр

Алматыда жасанды интеллект пен заманауи технологиялар қолданылып, қала өмірін жеңілдететін «ақылды қала жүйесі» енгізіліп жатыр.

Қалалық цифрландыру басқармасы қолға алынған негізгі жобалар жайында баяндады.

– 2023 жылы Алматыда жасанды интеллектіге негізделген TargetEYE бейнеаналитика платформасы арқылы Біртұтас бейнебақылау жүйесі (ББЖ) іске қосылды. Бұл жоба – тек Қазақстанда емес, бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ бастама, — делінген цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Мейрам Дүйсековтің жауабында.

Қазір қала бойынша жүйеге 50 мыңнан астам қоғамдық бейнекамера қосылған, оның 2,2 мыңы бет әлпетті тану функциясымен жабдықталған.

Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 70 мың камераға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

– Бұл жүйе қаланың барлық нүктесінен түсетін бейнелерді нақты уақытта Жағдаят орталығының бірыңғай терезесіне жинақтап, қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті жедел бақылауға, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды тиімді басқаруға мүмкіндік береді, — деп мәлімдеді Алматының цифрландыру басқармасы.

Жасанды интеллект алгоритимдері адамдардың топтасуын, күмәнді әрекеттерді, төбелес, қару, өрт не түтін белгілерін автоматты түрде анықтай алады. Сонымен қатар іздеу жүйесі арқылы адамдар мен көліктерді сипаттама бойынша табуға мүмкіндік бар.

Қала билігі жол жағдайына да ерекше назар аударып отыр. Былтырғы қазан айынан бастап Алматыда жолдардың жағдайын жасанды интеллект арқылы бақылау жобасы іске қосылған. Автобустар мен жедел жәрдем көліктеріне орнатылған бейнетіркеуіштер жол сапасы туралы деректерді үздіксіз жіберіп отырады.

ББЖ тәулігіне 500 мыңнан астам бейнеаналитикалық оқиғаны тіркейді, бұл қалалық қызметтердің жұмысын проактивті басқару моделіне көшуге мүмкіндік береді.

Жағдаят орталығының операторлары бейнекамералар мен датчиктерден келіп түскен деректер бойынша дереу әрекет етеді: іздеудегі адамдарды анықтау, өрт не түтін белгілері, қоқысты заңсыз тастау, төтенше жағдайлар және басқа да оқиғалар тіркеледі.

– Бүгінде 803 камераның 214-і аналитика жүйесімен жабдықталған. Олар толып қалған қоқыс контейнерлерін, рұқсатсыз үйінділерді және қоқыс шығару кестесіндегі олқылықтарды автоматты түрде анықтайды. Бұл коммуналдық қызметтердің жұмысын ашық әрі тиімді етуге, бюджет қаражатын мақсатты жұмсауға жағдай жасап отыр. Осылайша, қала «Таза Қазақстан» экологиялық функциясын жүзеге асыруда нақты цифрлық құралға ие болды, — деп атап өтті басқарма өкілдері.

Алматыда әлеуметтік нысындарға да бейнебақылау жүйесі кеңінен енгізілген:

· мектептерде – 13 мың камера;

· балабақшаларда – 9 мың камера;

· медициналық ұйымдарда – 5 мың камера.

Барлық бейне Алматы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. 2025 жылы полиция қызметкерлері AI-бейнеаналитикасының көмегімен 150-ден астам күдіктіні ұстаған, оның ішінде халықаралық іздеуде жүрген адамдар да бар.

Сонымен қатар жасанды интеллект модульдері мектеп асханасына кіріп-шыққан балалардың санын есептейді.

– Бұл деректер «Әлеуметтік әмиян» қызметі мен мектеп асханаларындағы тегін ыстық тамақ беру процесін автоматтандыру жүйесінде пайдаланылады, — деді басқарма басшысының орынбасары.

Қолданыстағы жүйелермен үйлестіру

Бірыңғай бейнебақылау жүйесі жабық құрылым емес.

– Ол ҚР Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратураның Цифрлық қадағалау жүйелерімен, сондай-ақ өрт және күзет дабылдары мен өзге де IP-құрылғылармен интеграцияланған. Осылайша, түрлі жағдайға жедел әрекет етуге мүмкін беретін ведомствоаралық цифрлық өзекке айналды, — деп түсіндірді әкімдік.

 

Жобаның инвестиция көлемі мен қаржыландыру көзі әзірше нақтылану үстінде.

– Инвестиция көлемі 2026 жылғы жоспарлау аясында қарастырылып жатыр. Бұл мәселе Алматы мәслихатында талқыланып, бекітілгеннен кейін қаржыландыру және жеке серіктес туралы ресми ақпарат жарияланады, — делінген басқарма жауабында.

Тұрғындармен байланыс

Жоғары технологиялық шешімдермен қатар, тұрғындармен байланыс та маңызды бағыттардың бірі болып отыр.

– Қала тұрғындары OpenAlmaty қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы өз сауалын жолдай алады. Сондай-ақ Android және iOS платформаларында қолжетімді OpenAlmaty мобайл қосымшасы бар, онда азаматтар өтініш қалдырып, электронды түрде жауап ала алады, — деді басқармадағылар.

Тұрғын үй-коммуналдық салада да цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр.

Бұған қоса, ialma.kz платформасы тұрғын үй-коммуналдық салада 40-тан астам қызмет түрін автоматтандырған және бүгінде 10 мыңнан астам өтінішті қарастырған.Алматылық оқушыларға арналған жасанды интеллект курстары

Алматыда мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект бойынша бір жылдық білім беру бағдарламасы іске қосылды. Оған 10 мың оқушы қатысады, ал үздік мың бала junior-әзірлеуші біліктілігін алып, 1 мың цифрлық өнім жасайды.

Жыл соңына дейін қалада жаңа екі орталық ашылады: TUMO Алматы – жасөспірімдерге арналған креатив технологиялар мектебі және Tomorrow School – жастарға арналған алғашқы peer-to-peer форматындағы жасанды интеллект мектебі.

Сонымен бірге үш жылдық IT және стартап-экожүйесін дамыту бағдарламасы іске қосылып жатыр. Ол 300-ге дейін жобаны қолдауды, жасанды интеллектіні көлік, медицина, білім беру және коммуналдық салаларға енгізуді және 100 млн доллар инвестиция тартуды көздейді.

Еске салайық, тамыз айының басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңесте Астана әкімдігі мен Үкіметтің «Ақылды қала» жобасын сәтті жүзеге асырып жатқанын айтқан еді. Мемлекет басшысы бұл тәжірибені еліміздің басқа да ірі қалаларына тарату туралы тапсырма берді.

 

Сообщение Алматыда ЖИ көмегімен «ақылды қала» жүйесі дамытылып жатыр появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России