Кітап оқу мәдениеті
Әр адамның өмірінде өзіндік сүйікті ісі, яғни хоббиі болады. Менің хоббиім – кітап оқу. Кітап оқу мен үшін жай ғана ермек емес, ол – өмірімнің ажырамас бөлігі. Себебі кітап арқылы мен білім аламын, ойымды дамытамын және жан дүниемді байытамын. Кітап – адам баласының ең сенімді досы. Ол бізге уақыттың қалай өткенін байқатпайды, өмірге жаңа көзқараспен қарауға үйретеді. Кітап оқу арқылы мен түрлі елдердің тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысамын. Әсіресе мені мотивациялық және тарихи кітаптар ерекше қызықтырады. Олар адамның рухын көтеріп, алға ұмтылуға, мақсатқа жетуге шабыт береді.
Кейбір адамдар кітап оқуға уақыт жоғалтады деп ойлайды. Бірақ меніңше, кітапқа кеткен уақыт ешқашан...