Домбыра – ұлттық мұраның үні
Домбыра – қазақ халқының ең қастерлі әрі көне музыкалық аспаптарының бірі. Зерттеушілердің айтуынша, домбыра тектес аспаптар шамамен 6 000 жыл бұрын, яғни б.з.д. V ғасырда пайда болған. Бұл қазақ мәдениетінің ежелгі және терең тамырлы тарихқа ие екенін дәлелдейді.
1986 жылы археологтар Майтөбе маңынан тасқа қашалған домбыра бейнесін тапқан. Ол неолит дәуіріне тиесілі деп есептеледі. Демек, домбыра – адамзат тарихындағы ең көне ішекті аспаптардың бірі.
Қазіргі таңда Қазақстанда домбыраның екі негізгі түрі бар: Батыс үлгісі және Шығыс үлгісі. Сонымен қатар кейбір өңірлерде үш ішекті домбыра да кездеседі. Барлығы еліміз бойынша шамамен 5–6 аймақтық түрі белгілі. Музыкатанушылардың дерегінше, бүгінде домбырамен...