Қанатын қайырған мерген
«...Таң мен күннің арасы таянғанда,
Таудың басы алаумен боялғанда,
Тірілетін таудағы бар тіршілік,Қанатынан аққудың оянған ба?!..» Мұқағали
Таң алдында тау басын қызғылт арай көмкергенде, даланың салқын самалы жанға жайлы тыныштық сыйлайтын. Бұл тыныштық—табиғаттың мәңгілік үндестігі еді. Бірақ сол үнсіздіктің өзі кейде жан айқайынан қатты шыңғырып, ғасырлар бойы шегінбес жара қалдыратынын кім білген…
Апам кейде түннің бір уағында шайға шақырады. Үй ішіндегілер тәтті ұйқы құшағында жатқанда, біз екеуміз алакөбең сәуле астында әңгіме айтамыз. Ол кісінің әңгімелері… бірін тыңдасаң, келесісін күтесің. Әсіресе, кейбір оқиғалар ойыңнан кетпей, санаңа сіңіп, жүрегіңді әлдебір мұңлы сезімге бөлейді. Бірде дәл осындай бір түнде...