Президент Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы
2025 жылғы 25 желтоқсан
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы Бауыржан Момышұлына (марқұм) «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 25 желтоқсан
№ 1137
Айта кетейік, Мемлекет басшысы бүгін Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлім етті.
Сообщение Президент Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.