Қазақстанда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар әлі де табылып жатыр
Қазақстанда Қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған қару-жарақтар әлі де табылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.ІІМ 9-12 қаңтар аралығында республикалық "Қару" жедел іс-шарасын өткізген. Іс-шараның нәтижесінде:
заңсыз айналымнан 340 қару, және 2 мыңнан астам, оқ-дәрі тәркіленді;14 криминалдық қару алынды, оның ішінде сегізі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, алтауы бұрын жоғалған қару;алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, нәтижесінде, 70 атыс қару тәркіленді;ел тұрғындары, өз еркімен 35 қаруды өх еркімен полицияға тапсырды.
Ішкі істер министрлігі еске салады: заңсыз сақталған қаруды, өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!