Ақорда Тоқаевтың маңызды үндеуін жариялады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өтетін Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Президенттің көмекшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. Ұлттық құрылтай отырысы 20 қаңтарда Қызылордада өтеді.
"Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады", - деп жазды Руслан Желдібай.
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:
2022 жылы – Ұлытауда;2023 жылы – Түркістанда;2024 жылы – Атырауда; 2025 жылы – Бурабайда өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!