Добавить новость
World News



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Қызмет көрсетудің сервистік моделі: жаңа Салық кодексінде қандай өзгерістер бар

Қазақстанда жаңа Салық кодексі шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің сервистік моделіне көшу жүзеге асырылуда. Ол артық әкімшілік шаралардан бас тартуды және кәсіпкерлердің ыңғайлылығына, цифрландырылуға және сүйемелдеуге назар аударуды көздейді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Думан Қансейітов бизнес үшін негізгі өзгерістер мен артықшылықтар туралы айтып берді.

— Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сервистік моделі дегеніміз, бұл – азаматтар мен бизнес үшін қызметтердің қолжетімділігіне, ыңғайлылығына және сапасына бағытталған мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың заманауи тәсілі, — деп атап өтті Думан Қансейітов.

Модельдің негізгі мақсаты – әкімшілік тәсілден тұтынушыға бағытталған форматқа көшу, яғни назардың бәрі біріншіден қызмет алушыға аударылады.

Жаңа Салық кодексінде қандай өзгерістер қарастырылған

• Нөлдік есептілікті автоматты түрде қалыптастыру

Егер салық төлеуші салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсынбаса, жүйе автоматты түрде нөлдік есептілікті қалыптастырады. Бұл есептілікті ұсынбағаны үшін хабарлама беруден, банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудан және ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 272-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмауға, осылайша бизнес үшін жазалау шараларын азайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан айналымдар анықталған кезде әкімшілік жауапкершілік нормалары қолданылады. Сонымен қатар салық төлеуші мәлімделмеген кірістерді өз бетінше анықтаған және қосымша салық есептілігін ұсынған кезде жауапкершілік шаралары қолданылмайды.

• Салық есептілігі нысандарын қысқарту

Салық есептілігі нысандарының саны 30%-дан астамға, яғни 41-ден 28-ге дейін қысқарды. Бұл бизнеске уақыт пен ресурстарды үнемдеуге және салықтық басқаруды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

· Салық органдарының сервистік топтарын енгізу

Қаржы министрінің бұйрығымен Мемлекеттік кірістер органының Сервистік топтарын құру туралы ережелер бекітілді.

Сервистік топ, бұл – салық органдары қызметкерлерінен тұратын мобильді топ, ол салық төлеушілерге салық міндеттемелерін орындау бойынша мемлекеттік қызметтер мен ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсетеді, соның ішінде жеке тұлғаларға декларацияларды жасау және тапсыруда көмек береді.

Сервистік топтар:

• бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;

• ұзақ уақытқа еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленетін аурулары бар тұлғаларға;

• 80 жастан асқан, күтім мен көмекке мұқтаж қарт адамдарға;

• телекоммуникация желілері жоқ шалғай елді мекендерде тұратын жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Сервистік топты шақыруға өтінім 1414 нөмірі арқылы бірыңғай байланыс орталығы арқылы беріледі.

Салық төлеушілерге салық міндеттемелерін орындау бойынша қандай көмек көрсетіледі?

Мемлекеттік кірістер комитеті бизнеске барынша «жұмсақ сүйемелдеу» моделін белсенді енгізуде, ол дегеніміз – салық төлеушіні тіркеу сәтінен бастап оның қызметін тоқтатқанға дейін қолдау көрсету.

Бұл модель халыққа барынша ыңғайлы келесі тәсілдерге негізделеді:

• мобильді қосымшалар арқылы жеңілдетілген салықтық тіркеу;

• алдын ала толтыру және автоматтандырылған декларациялау;

• салықтарды өңай төлеу;

• кейбір қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және қаржы секторына беру;

• ескерту және хабарлау бойынша электрондық сервистер, оның ішінде банктердің мобильді қосымшалары арқылы;

• жастардың салықтық сауаттылығын арттыру;

• ашық API-сервистердің кеңеюі.

Осы іс-шаралар аясында болашақ кәсіпкерлерге арналған «Калькулятор» түрінде сауалнама функциясы әзірленді. Бұл бизнесті тіркеу кезінде пайдаланушыға бизнес жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанын (ЖК немесе ЖШС), салық режимін, тапсырылатын Декларация түрлерін және мерзімдерін анықтауға арналған алдын ала ақпарат пен ұсынымдар береді.

Сауалнама нәтижесінде әр салық төлеушіге арналған, қолданатын салық режимі бойынша Ескертпе қалыптастырады, онда Декларация тапсыру мерзімдері, салық мөлшерлемелері, төлеу уақыты және тағы да басқа ақпараттар қамтылады.

Бұл сервис САИЖ, МКК порталында және «Бірыңғай жеке кабинет» жүйесінде жүзеге асырылады, сондай-ақ API-сервис арқылы банктік мобильді қосымшалар мен басқа платформаларға біріктіріледі. Бұл жүйе тек есепті қабылдап, міндеттемелерді бақылап қана қоймай, салық төлеушінің көмекшісі ретінде жұмыс істейді – жеке кеңестер, ескертпелер мен алдын ала толтырылған нысандар ұсынады.

Екінші деңгейдегі банктермен ынтымақтастық

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілермен көбірек байланыс нүктелері бар банктік экожүйелердің мүмкіндіктерін белсенді пайдаланады. Екінші деңгейдегі банктердің платформаларында фискалдық бақылау шараларын қолданбай сұранысқа ие Электрондық сервистер мен мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін салық төлеушінің мобильді кабинетінің прототипі жасалады.

МКК сервистерін банк экожүйелерімен интеграциялау нәтижесінде салық есептілігін беруден бастап берешек туралы хабарламаларды алуға дейінгі 20-дан астам қызмет жүзеге асырылды. Банктік платформаларда салық төлеушінің мобильді кабинетін құру, сондай-ақ бақылау-кассалық машиналарды банктердің POS-терминалдарымен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл бизнеске бүкіл өмірлік циклды артық бақылаусыз сүйемелдеуге мүмкіндік береді.

Осыған дейін 2026 жылы салық режимін қалай таңдауға болатыны туралы жаздық.

Сообщение Қызмет көрсетудің сервистік моделі: жаңа Салық кодексінде қандай өзгерістер бар появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России