Алматы полициясы автокөлік ұрлығы қалай жасалатынын көрсетті: видео
Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыда автокөліктерді ұрлаумен айналысатын, агрегат нөмірлерін өзгерту немесе көліктерді бөлшектеу арқылы пайда табатын ұйымдасқан қылмыстық топтар тіркелмеген. Бұрын кең таралған мұндай қылмыстық схемалар бүгінде өзектілігін жоғалтқан.
Алайда қазіргі жағдай мүлде басқа. Автокөлік ұрлықтарының басым бөлігі - жекелеген, кездейсоқ сипаттағы фактілер. Олардың көбі көлік иелерінің өз жауапсыздығынан болып жататын көрінеді. Кейбір жүргізушілер автокөліктерін құлыптамай, тіпті кілтін оталдыру құлпында қалдырып немесе қозғалтқышы қосулы күйде "бір сәтке" дүкенге не жеке шаруамен кетіп жатады.
Алматы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияровтың айтуынша, қазіргі ұрлықтардың дені алдын ала жоспарланбаған қылмыстар.
"Бүгінде тіркеліп жатқан автокөлік ұрлықтарының басым бөлігі - аяқ астынан жасалған әрекеттер. Көбіне олар алкогольдік мас күйдегі адамдардың қараусыз қалған көлікті пайдаланып кетуімен байланысты. Мұндай барлық деректер ашылып, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылады", - деді ол.
Полиция өкілдері мұндай қылмыстардың алдын алу қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы мүмкін екенін атап өтті.Полиция жүргізушілерге кеңес береді:
автокөліктен шыққан кезде қозғалтқышты міндетті түрде сөндіріп, кілтті өзіңізбен алып жүріңіз;
қысқа уақытқа кетсеңіз де, есік пен терезелерді толық жауып кетіңіз;
көлік салонында кілттер мен құжаттарды қалдырмаңыз;
дабыл қаққыштар мен ұрлыққа қарсы құрылғыларды пайдаланыңыз;
күмәнді әрекеттерді байқасаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!