Добавить новость
World News



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Сенат күзет қызметі субъектілерінің қызметін жетілдіруді көздейтін заңды қарайды

Бүгін Сенаттың жалпы отырысы өтеді. Отырыс барысында сенаторлар бір халықаралық келісімді қарап, кейбір заңнамалық актілерге түзетулер мен өзгертулер енгізу көзделген заңды талқыға салады.

Алдымен жоғары палата қарауына «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заң шығарылып отыр. Жалпы, бұл заңды Мәжіліс өткен жылдың желтоқсанында қабылдаған еді.

Сол кезде негізгі баяндама жасаған Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, ОПЕК қоры дамушы елдерге қарыздар мен техникалық көмек арқылы қаржылық қолдаумен айналысады. Қор құрылған сәтінен бастап әлемнің 125 елінде 4 мыңнан астам жобаны іске асыруға 30 млрд доллардан астам қаражат бөлді. Орталық Азия елдеріне 20 жыл ішінде 1,4 млрд доллардан астам қаржы салды.

— Қордың елде жұмыс істеуі үшін Негіздемелік келісімді ратификациялау міндетті шарт, бұл — оның жарғылық құжаттарында белгіленген стандартты шарт. Қор қызметінің негізгі бағыттары инфрақұрылымды салу және дамыту, климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі шаралар әзірлеу, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, энергетикалық ауысуға жәрдемдесу, цифрландыру және инновациялар, ШОБ үшін экономикалық мүмкіндіктер жасау, — деді ол.

Қор келесі қызмет түрлерін қаржыландыруы мүмкін:

1) коммерциялық және инвестициялық банктер, лизингтік және ипотекалық компаниялар;

2) ШОБ-қа бағытталған тікелей инвестициялар қорлары;

3) ұлттық немесе өңірлік даму қорлары;

4) микро-қаржы ұйымдар.

Пайыздық мөлшерлемелері — жылдық 2,5-5 пайызға дейін. Жеңілдік кезеңі — 6 айдан 24 айға дейін болады. Қарыз алу мерзімі 22 жылға дейін болуы мүмкін.

Мұнан бөлек, сенатор бұған дейін Мәжіліс қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды пысықтайды.

Заңның негізгі мақсаты — күзет қызметі субъектілерінің қызметін жетілдіру, қару иелеріне қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй төлемдері тетіктерін ретке келтіру.

Заңмен, атап айтқанда, тұрғын үй төлемдерін ұсыну және жүзеге асыру тәртібін айқындау бойынша өкілеттіктерді Үкіметке беру, азаматтық және қызметтік қару иелері үшін қосымша міндеттер енгізу, күзет қызметі субъектілері үшін есептілік орнату, сондай-ақ әскерилендірілген теміржол күзетінің құқықтық мәртебесін бекіту қарастырылады. Бұдан бөлек, мемлекеттік құқықтық статистика саласындағы ережелер нақтыланады және құқық қорғау органдары басшыларының кадрлық шешімдер үшін жауапкершілігі күшейтіледі.

Айта кетейік, өткен аптада Сенат «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады.

— Келісім тиісті мақсаттарды іске асыруға бағытталған. Осы орайда көші-қон процестерін басқару және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан мен Франция мемлекеттері арасындағы екіжақты ынтымақтастық үшін құқықтық негіз жасау ескерілген. Келісім тараптары саналатын мемлекеттер аумағына заңсыз келген, онда болған немесе тұратын адамдарды қайтарудың тиімді тетігін қамтамасыз ету, көші-қон режимдерін теріс пайдаланудың алдын алу қарастырылған. Ратификациялауға ұсынылып отырған құжат адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу тетіктерін іске асыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және рәсімдік шаралардың егжей-тегжейлі тәртібін белгілейді, — деді сенатор Қайрат Тастекеев.

Атап айтқанда, Келісім мына нормаларды қамтиды:

реадмиссия, транзит, құзыретті органдар және басқа да шартты тиімді қолданып, оның ережелерін түсінудің бірізділігін қамтамасыз етуге бағытталған анықтамалар көзделеді;
реадмиссиялаудың рәсімдері, атап айтқанда оның негіздері, реадмиссиялау туралы өтінішхаттың мазмұны мен оған жауап беру мерзімі, заңсыз келуді растайтын дәлелдемелер тізімі, консулдық тыңдаулар өткізілетін жағдайлар реттеледі;
транзиттеудің шарттары мен қағидаттары, оның рәсімдері, транзиттеуден бас тарту негіздері нақты анықталады;
жол жүру құжаттарын беру, адамдарды беруді ұйымдастыру, екі мемлекеттің Келісімді іске асыруы үшін Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері, сондай-ақ реадмиссияланатын адамдарды сүйемелдеу шарттары белгіленеді;
Келісімді іске асыру барысында дербес деректерді беру және өңдеу, оларды қорғау тәртібі айқындалады;
көлік және транзиттеу шығыстарын бөлу тетігі бекітіледі.

Сонымен қатар сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

Қазақстан мен Моңғолия арасында зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға бағыталған келісімге Мемлекет басшысының 2024 жылғы 29 қазанда Моңғолияға ресми сапары аясында Ұлан-Батыр қаласында қол қойылған.

— Қаралып отырған заң – осы халықаралық келісімді ратификациялауды көздейді. Келісімнің мақсаты – адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау саласындағы құқықтық қатынастарды реттеу. Атап айтқанда, ынтымақты зейнетақы саласында еңбек өтілін өзара тану, сондай-ақ әскери қызмет өткеру кезеңдері мен жоғары және орта арнаулы білім беру ұйымдарында оқу уақытын еңбек өтіліне есепке алу тетіктері қарастырылады. Мұнымен қоса, Келісіммен Қазақстан мен Моңғолия арасында жинақтаушы зейнетақы экспорты бойынша ынтымақтастықтың жаңа формасы көзделіп отыр. Бұл азаматтардың зейнетақы жинақтарын басқа мемлекеттің аумағында пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған, — деді сенатор Амангелді Есбай.

Отырыс соңында сенаторлар өзекті мәселелер бойынша Үкімет мүшелеріне депутаттық сауалдарын жолдады. Мәселен, Закиржан Кузиев «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария» бағыттары бойынша гранттар санын көбейту қажет екенін айтты. Сенатордың сөзіне қарағанда, бұл – ұлттық және азық-түлік қауіпсіздігін, сондай-ақ, елдің жалпы әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадам.

Ал Бекболат Орынбеков «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды қайта қарау баяу жүргізіліп жатқанын және шаруалар үшін қолайлы нәтиже бермей отырғанын тілге тиек етті. Осыған байланысты ол аграрлық сектордағы ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар нақты ұсыныс айтты.

Сообщение Сенат күзет қызметі субъектілерінің қызметін жетілдіруді көздейтін заңды қарайды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России