Добавить новость
World News

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

4 ақпанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер сәрсенбі, 4 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан: түнде 3-8, күндіз 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 19-21 градус аяз, күндіз 3-5 градус аяз.

Алматыда көшпелі бұлтты болады, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, кейін солтүстік-шығысқа ауысады: 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін, күндіз 6-8 градус жылы.

Шымкентте де көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан: 8-13 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 15-17 градус жылы.

Күндіз Ақмола облысының батысында аздап қар күтіледі. Өңірдің солтүстігі мен шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан: 9-14, күндіз батысы мен солтүстігінде 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 12-17 градус аяз, оңтүстігі мен шығысында 21, күндіз 2-7 градус аяз. Көкшетауда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 19-21 градус аяз, күндіз 4-6 градус аяз.

Алматы облысының солтүстігі, оңтүстігі және таулы аймақтарында түнде жауын-шашын болжанады, таулы аймақтарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін, күндіз оңтүстігінде және таулы аймақтарда да жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарда кей уақыттарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Жел солтүстік-батыстан, кейін солтүстік-шығысқа ауысады: 9-14, батысы мен шығысында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 2 градус аяз - 3 градус жылы, солтүстігі мен таулы аймақтарда 7-12 градус аяз, күндіз 4-9 градус жылы, солтүстігі мен таулы аймақтарда 0-5 градус аяз. Қонаевта - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан, кейін солтүстік-шығысқа ауысады: 9-14, кей уақытта екпіні 18 метр/секундқа дейін. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы.

Жетісу облысында түнде жауын-шашын күтіледі, таулы аймақтарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз таулы аймақтарда да жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстігінде, орталығында және таулы аймақтарда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел батыстан: 9-14, шығысында және таулы аймақтарда екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 3 градус аяз - 2 градус жылы, шығысында және таулы аймақтарда 7-12 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы, шығысында және таулы аймақтарда 3 градус аяз. Талдықорғанда - көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман. Жел батыстан 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.

Түркістан облысының таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарда тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан: 8-13, түнде тау асуларында, күндіз батысы, оңтүстігі және таулы аймақтарда 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, солтүстігі мен таулы аймақтарда 2 градус аяз, күндіз 12-17, солтүстігі мен таулы аймақтарда 7 градус жылы. Түркістанда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде, шығысында күндіз қар жаууы мүмкін, боран күтіледі. Солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен: 9-14, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде және күндіз 15-20 градус аяз, шығысында 7-12 градус аяз. Оралда - бұлтты, түнде қар, боран. Тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде және күндіз 16-18 градус аяз.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында аздап қар, боран күтіледі. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан: 9-14, солтүстігі, оңтүстігі және шығысында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде және күндіз 3-8, солтүстігінде 12-17 градус аяз, күндіз әрі қарай төмендейді. Атырауда - бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан 7-12, күндіз екпіні 15-18 метр/секунд. Ауа температурасы түнде және күндіз 5-7 градус аяз, күндіз әрі қарай төмендейді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болжанады, күндіз де жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Солтүстігі мен орталығында тұман болуы мүмкін. Жел солтүстіктен: 9-14, түнде солтүстік-шығысында, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде және күндіз 3 градус аяз - 2 градус жылы, солтүстік-шығысында 6 градус аяз, күндіз әрі қарай төмендейді. Ақтауда - бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Күндіз боран. Жел солтүстіктен 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде және күндіз 1 градус аяз - 1 градус жылы, күндіз әрі қарай төмендейді.

Ақтөбе облысында түнде қар жаууы мүмкін, солтүстігі мен орталығында - қалың қар, күндіз жауын-шашын, солтүстігі мен орталығында күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, оңтүстігі, шығысы және орталығында тұман, бұрқасын болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан, кейін солтүстік-батысқа ауысады: 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 7-12 градус аяз, шығысында 15, оңтүстігі мен батысында 3 градус аяз, күндіз 4 градус аяз - 1 градус жылы. Ақтөбеде - бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, кейін солтүстік-батысқа ауысады: 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (негізінен қар), боран, көктайғақ күтіледі. Солтүстігі мен шығысында тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 10-15 градус аяз, солтүстік-шығысында 18, күндіз 0-5 градус аяз. Қостанайда - бұлтты, күндіз жауын-шашын (негізінен қар), боран. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 13-15 градус аяз, күндіз 2-4 градус аяз.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында күндіз қар, боран болжанады. Түнде және таңертең батысында тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан: 9-14, күндіз оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 18-23 градус аяз, оңтүстік-батысында 14, күндіз 4-9, шығысында 14 градус аяз. Петропавлда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 7-9 градус аяз.

Павлодар облысының оңтүстік-шығысында түнде аздап қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстігі мен шығысында тұман болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады: 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 18-23 градус аяз, солтүстігінде 27, күндіз 10-15, орталығында 18 градус аяз. Павлодарда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады: 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 25-27 градус аяз, күндіз 16-18 градус аяз.

Қарағанды облысының шығысында түнде аздап қар, бұрқасын болуы мүмкін. Батысы, солтүстігі, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 11-16 градус аяз, солтүстігінде 21, оңтүстігінде 6 градус аяз, күндіз 2-7, солтүстігінде 12 градус аяз. Қарағандыда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 14-16 градус аяз, күндіз 3-5 градус аяз.

Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, күннің соңына қарай солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 2-7 градус аяз, шығысында 12 градус аяз, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылы. Жезқазғанда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 1 градус аяз - 1 градус жылы.

Шығыс Қазақстан облысында қар, боран күтіледі. Солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан: 9-14, оңтүстік-шығысында 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 10-15 градус аяз, шығысында және оңтүстігінде 6 градус аяз, күндіз 8-13, шығысында және оңтүстігінде 4 градус аяз. Өскеменде - бұлтты, қар. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 4-9 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 11-13 градус аяз, күндіз 8-10 градус аяз.

Абай облысында түнде қар, боран болжанады, күндіз өңірдің солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде қар, боран күтіледі. Солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болуы мүмкін. Жел батыстан, солтүстік-батыстан: 9-14, шығысында және орталығында 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 13-18 градус аяз, солтүстік-батысында 22, оңтүстігінде 8 градус аяз, күндіз 11-16, оңтүстігінде 1-6 градус аяз. Семейде - көшпелі бұлтты, түнде және таңертең қар. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 16-18 градус аяз, күндіз 11-13 градус аяз.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тұман, батысында көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, солтүстігінде 3 градус аяз, күндіз 4-9, оңтүстігінде 13, солтүстігінде 1 градус жылы. Қызылордада - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 7-9 градус жылы.

Жамбыл облысының шығысында және таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болуы мүмкін. Кей уақытта тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, кейін солтүстік-шығысқа ауысады: 9-14, күндіз шығысында және таулы аймақтарда 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, солтүстігінде және таулы аймақтарда 5 градус аяз, күндіз 10-15, солтүстігінде және таулы аймақтарда 5 градус жылы. Таразда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, кейін солтүстік-шығысқа ауысады: 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России