«Соғыс арасынан шыққан дауыс: 9 жасар журналист Лама Жамус»
Палестина — әлем назарын өзіне аударып отырған ең күрделі аймақтардың бірі. Қиындыққа толы күндер, тоқтаусыз естілетін жарылыс дыбыстары, бейбіт өмірге деген шексіз сағыныш — бұл бүгінгі палестиналықтардың жан айқайы. Осындай ауыр жағдайда балалық шағы әлі басталмаған балалар да өмірдің салмағын сезініп келеді.
Солардың қатарында өз халқының үнін әлемге жеткізуді мақсат еткен ерекше қыз бар. Ол — небәрі 9 жасында журналистика жолына түскен Лама Жамус (Lama Jamous). Кішкентай жасына қарамастан, ол Палестинадағы шынайы ахуалды камера арқылы бүкіл әлемге көрсетіп жүр.
Қорқыныш пен белгісіздікке толы ортада өссе де, Лама камера алдында өзін сенімді ұстайды. Оның репортаждарында палестиналықтардың үміті, төзімділігі мен...