53 мектеп-гимназиясының мақтанышы – жас боксшы Диана
Надырбек Диана — жас болса да, спортта айтарлықтай жетістіктерге жеткен талантты боксшы. Ол бокспен 8 жасынан бастап айналысады. Балалық шағынан спортқа қызығып, бокс арқылы өз мінезін қалыптастырып, шыдамдылық пен тәртіпті өмірінің басты қағидасына айналдырды. 2018 жылдан бері Диана түрлі деңгейдегі жарыстарға тұрақты түрде қатысып келеді. Қазіргі таңда оның бокспен айналысқанына 8 жыл болды.
Жүйелі жаттығулар мен тынымсыз еңбектің нәтижесінде Диана республикалық және халықаралық ареналарда жоғары нәтижелер көрсетті. Ол Азия чемпионатына екі рет қатысып, екі жарыста да 1-орын иеленді. Бұл чемпионаттардың бірі Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өтсе, екіншісі Иорданияның Амман қаласында ұйымдастырылды. Мұндай ірі жарыстар...