Алматыда сиреналар қосылды
Алматыда сиреналар қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда дабыл сиреналары іске қосылып, теле-радиоарналардың эфирі уақытша тоқтады.
Алматы ТЖД мәліметінше, бұл шара су тасқыны кезеңіне дайындық аясындағы "Көктем-2026" республикалық оқу-жаттығуы шеңберінде халықты құлақтандыру жүйесін тексеру мақсатында өткізілген. Жаттығу барысында "Баршаңыздың назарыңызға!" сигналы беріліп, сиреналар ойнады. Сондай-ақ тексеру хабарламасын тарату үшін теле және радиоарналарды уақытша тоқтату жүйесі қолданылған.
ТЖД өкілдерінің айтуынша, "Көктем-2026" оқу-жаттығулары 25–26 ақпан күндері өтеді. Осы уақыт аралығында қала аудандарында өзен арналары мен арық жүйелерін тазалау бойынша алдын алу жұмыстары жүргізіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!