Қорғаныс министрі апатқа ұшыраған жойғыш ұшаққа қытысты пікір білдірді
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағының апатқа ұшырауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол бүгін Ақорда кулуарында журналистерге жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қорғаныс министрінің айтуынша, арнайы комиссия тергеу жүргізіп жатыр, ол аяқталған соң барлық мән-жай жария етіледі.
"Ешқандай қателік болған жоқ. Бұл - жаңа ұшақ. Ресейде өндірілген Су-30СМ 2022 жылы жеткізілген. Ұшақ 230 сағат ұшу уақытын орындаған. Ең бастысы ұшқыштар зардап шеккен жоқ, олар аман", - деді министр Дәурен Қосанов.
Не болған?
25 ақпанда Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Ресми деректерге сәйкес, әуе кемесінің экипажы дер кезінде катапульт жасап үлгерген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!