Добавить новость
World News



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Алматыда метроның жаңа желілері қашан іске қосылады?

Алматыда метроның жаңа 2 желісін салып, қолданыстағы желіні ұзарту жоспарланып отыр, бұл қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспар жобасында қарастырылған. Tengrinews.kz тілшісі әрбір желінің құрылысы қазір қай кезеңде екенін білді.
Бірінші желі (қызыл): "Қалқаманнан" "Барлық" базарына дейін
Қазір Алматыдағы бірінші метро желісі 11 станцияны қамтиды, "Бауыржан Момышұлы" станциясынан "Райымбек батыр" станциясына дейін жалпы ұзындығы 14,3 шақырым.
Бұған дейін, "Алматыбасжосрпар" ҒЗИ-нің бас директоры Асхат Садуов болашақта желіні екі бағытта ұзарту жоспарланып отырғанын хабарлаған еді.

Батыста: құрылысы жүріп жатқан "Қалқаман" станциясынан "Барлық" базарына дейін тағы үш станция (5,3 шақырым). Сол жерде ауысып міну торабын салу жоспарланған.
Солтүстікте: "Райымбек батыр" станциясынан Алматы-1 теміржол вокзалына қарай тағы бес станция қосылады (7,7 шақырым).

"Қалқаман" станциясындағы негізгі жұмыстарды 2026 жылдың жазына дейін аяқтап, жолаушылар үшін жыл аяғына қарай ашу жоспарланған.

"Қалқаман" станциясының құрылысы аяқталғаннан кейін бірінші желіні "Қалқаман" станциясынан "Барлық" базарына дейін созу басым бағыт болады", - деп хабарлады жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Ведомство деректері бойынша, осы учаскенің құрылысын 2030 жылға дейін аяқтау жоспарланған.

"Бұл қаржыландыру уақытында қамтамасыз етілген жағдайда болады", - деп нақтылады басқарма өкілдері.

Алматы-1 вокзалына дейін ұзартылмайды
Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспар жобасында желіні "Райымбек батыр" станциясынан Алматы-1 вокзалына дейін ұзарту көзделгенімен, бұл жоба қазіргі уақытта қарастырылып жатқан жоқ.

"Алматы-1 вокзалы бағытындағы метро құрылысы бойынша бүгінде бұл жоба басқарма тарапынан қарастырылып жатқан жоқ", - деп хабарлады ведомство.

Фото: Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспары презентациясынан
Екінші желі (көк): "Жібек жолы" бағытынан
Екінші желі ең үлкені болады: жоба бойынша оның жалпы ұзындығы шамамен 76,6 шақырым, 42 станциядан тұрады. Құрылыстың бірінші кезеңі "Жібек жолы" станциясынан әуежайға дейінгі бағыт болады.
Басқарма мәліметінше, бұл учаскенің жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр, содан кейін құрылыс мерзімі белгілі болады:

"Екінші желінің "Жібек жолы" станциясынан әуежайға дейінгі трассасы Жібек жолы даңғылы қозғалыс бөлігінің астынан шығыс бағытта Орталық саябаққа дейін барады. Содан кейін желі Шығыс айналма жолы астынан Құлжа жолына шығады, Бұқтырма көшесін кесіп өтіп, әуежайға қарай бұрылады және Ахметов көшесімен жалғасады. Екінші желінің ұзындығы 14,275 шақырым. Құрылыс мерзімі мемлекеттік сараптама қорытындысын алғаннан кейін анықталады", - деп хабарлады басқарма.

Бас жоспар жобасына сәйкес, екінші желі "Барлық" базары ауданын, әуежай бағыты мен әл-Фараби даңғылы бойындағы оңтүстік аудандарды байланыстыратын айналмалы болуы тиіс.
Фото: Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспары презентациясынан
Үшінші желі (жасыл): Алатауға дейін
Үшінші желі "Қазақфильм" ауданынан басталып, "Сайран" станциясы арқылы солтүстікке – салынып жатқан Алатау қаласына қарай жетеді.

"Биыл техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді бастау жоспарланған", - деп хабарлады басқарма.

Желінің жалпы ұзындығы 28 шақырым болады. Жоспар бойынша желіде 17 станция болады, оның екеуі Алатау аумағында орналастырылады.
2040 жылға дейін салып үлгереді ме?
Әкімдіктен "Бас жоспар жобасында көрсетілгендей, барлық станция мен үш желіні 2040 жылға дейін аяқтау мүмкін бе?" деп сұрадық.
Басқарма "бәрі қаржыландыруға байланысты болады" деп жауап берді.

"Барлық жоспарланған метро желілері мен станцияларын 2040 жылға дейін салу қаржыландыру қамтамасыз етіліп, жобалық құжаттама кезең-кезеңімен бекітілсе және құрылысқа қажетті жер учаскелері алынса мүмкін болады", – деп қорытындылады басқарма.


Бұған дейін, "Қалқаман" станциясы құрылысының сметалық құны 67,8 миллиард теңге болғаны, қаржыландыру жергілікті және республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатыны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России